Көктем салаты

Oinet.kz 09-01-2020 1134

image.png

Бізге керегі: (5-6 порцияға)

- 500 гр тауық еті

- 2-3 шт қызанақ

- 150 гр қатты ірімшік

- 1 банка қызыл үрмебұршақ

- жасыл салат жапырақтары

- сухарики

- майонез немесе қаймақ

1. Тауық етің турап, табада 20 минуттай бұқтырып немесе жеңіл қуырып аламыз. (Сұйықтықты кетіру қажет).

2. Қызанақ пен салат жапырақтарын турап аламыз. Ірімшікті үккіштен өткіземіз.

3. Туралған заттарға тұз және үрмебұршақты қосып, майонез немесе қаймақпен араластырамыз. Салаттын бетіне сухарик салып, дастарқанға ұсынамыз. Салат дайын.

Асыңыз дәмді болсын!

«Қызыл бархат» торты
Қысқа арналған кәдіден жасалған корей салаты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу