Чевапчичи
Қажетті заттар:
- 500 гр фарш
- 1 шт пияз
- 2 тіс сарымсақ
- 1 шай қасық майоран
- тұз, бұрыш, ашты паприка
1. Пиязды тазалап, төртбұрыштап тураймыз.
2. Сарымсақты езгішпен еземіз.
3. Фаршты жақсылап араластырып, оған қалған заттарды қосып, тағы да жақсылап араластырамыз.
4. Сосын сопақтау котлет формаларын жасап, сұйық майға қуырып аламыз.
Чевапчичи дайын. Кез-келген гарнирмен тамақтана беруге болады.
Асыңыз дәмді болсын!