Арыстанбабтағы суды ішіп жазылдым
24-12-2022
Денсаулыққа зияны жоқ емді қалай табуға болады? Ынта болса, мұндай амалды өзіңіз-ақ жасай аласыз. Қолда бар табиғи жемістердің емдік қасиеттері мол, ал зияны жоқ. Мәселен, лимонды алып қарайық. Одан үй жағдайында да көптеген емдік тұнбалар, қайнатпа жасауға болады екен. Біріншіден, мұндай емнің жанама әсері жоқ, екіншіден, ол арзан әрі пайдалы.
Өкпе қабынуы (пневмония)
Өкпе қабынуын қайтару үшін 4 бас сарымсақ, 8 ас қасық бал және 1 лимон қажет.
Дайындау тәсілі:
Сарымсақты үккіштен, ал лимонды қабығымен қоса еттартқыштан өткізіңіз. Оны 8 қасық балмен араластырыңыз. Дайын болған осы қоспаны 7-10 күн бойы таңертең ашқарынға 1 шай қасықтан ішсеңіз пайдасы шаш етектен. Бұл қоспа тынысты кеңейтіп, инфекцияны жояды, суықты айдап, тәбетті арттырады. Ал ең бастысы, иммунитетті көтере отырып, ағзаның осы ауруға қарсы күресін күшейтеді.
Гайморитті емдеу:
Мұрын арқылы тыныс алудың, әсіресе иіс сезудің қиындап, көзден жас ағуымен және мұрыннан бырқылдап сұйықтық ағуы¬мен жалғасатын бұл ауру адамды әлекке салатыны, ыңғайсыздықта қалдыратыны белгілі. Одан құтылу үшін бар болғаны 1 дана ғана лимон керек.
Дайындау тәсілі:
Лимонның сөлін сығып, бір ыдысқа құясыз да, ондағы шырыннан 1:10 про¬пор¬циясы шамасында сумен араластырасыз. Дайын болған шырынмен мұрныңызды шаясыз. Шырынды үлкен ыдысқа құйып, мұрныңыз арқылы ішіңізге тартасыз. Мұрын арқылы тартқан шырын аузыңызға кіріп ке¬тетінін ойлап қорықпаңыз. Осы жайсыз про¬цеду¬раны қайталай отырып, мұрынның ішін¬де жиналып, қатып қалған нәрселерден та¬зବланып, тыныс алуыңыз жеңілдейді.
Жоғары қан қысымы:
Қазір қан қысымы жастарды да жиі мазалайтын болған. Көп адам мұны қалыпты жағдай ретінде қабылдап, дәрігерге бара бермейді. Ал жоғары қан қысымы өте қауіпті екені белгілі. Кейде ойламаған жерден көтерілген қан қысымы кезінде не істеуге болады?
Лимонды пайдаланып көріңіз. Ол көп уақытты алмайды және көп шығындалмайсыз. Ал сізге бар-жоғы 2 ірі лимон, 1 литр лимон шырыны, 1/2 литр минералды су керек.
Дайындау тәсілі:
Қабығынан тазартылған лимондарды еттартқыштан өткізіп, алынған сұйықтыққа лимон шырынын қосыңыз. Жақсылап араластырып, үстінен минералды суды құйыңыз. Бұл қоспаны 1 стаканнан күніне 3 реттен 10 күн бойы ішіп отырыңыз.
Баспа мазаласа:
Баспа кеселіне шалдыққан адам жұтыну кезінде қатты қиналып, ыстығы көтеріледі, тамағы қызарып, ісіп кетеді, буындары мен ба¬сының ауырғанын сезінеді. Осы аурудан айығу үшін 1 кило лимон алсаңыз жетіп жатыр.
Дайындау тәсілі:
Лимонның қабығын аршып, оны бір-бір бөліктен алып, дәкеге орап, жеке-жеке сығып, сөлін шыны ыдысқа жинайсыз. Лимон шырыны қанша болса, оған сонша көлемде минералды су қосасыз. Дайын болған лимон шырынын баспадан емделу кезінде сусын орнына ішіп жүріңіз. Ол тәбеттің артып, қызудың көтерілмеуіне, тамағыңыздың тез жазылуына көмектеседі, аурудың таралуын тоқтатады.
Асқазан ауруы (гастрит):
Қазір асқазаны ауырмайтын адам аз. Оны емдеу үшін диета сақтау қажет. Лимонмен емдеу де диетаны дұрыс ұстағанда ғана жақсы әсер береді.
Ол үшін 1 лимон, 1 литр түймедағының (ромашка) тұндырылған қайнатпасы, 3 ас қасық бал қажет.
Дайындау тәсілі:
Лимон шырынын сығып, оған бал мен түймедағының тұнбасын құйып, араластырыңыз. Дайын болған қоспаны күн сайын ас ішерден 30 минут бұрын 2-3 ас қасықтан 3 мезгіл ішесіз.