Арыстанбабтағы суды ішіп жазылдым

Oinet.kz 24-12-2022 3463

Осыдан төрт жыл бұрын Түркістан қаласына барып, онда Ахмет Яссауи баба жатқан жерге зиярат етуге бел шештім. Ақыры алыстан жол жүрген соң Арыстан баб кесенесіне де ат басын бұруды жөн санадым. Өйткені мен ол кезде қатты ауырып жүрген болатынмын. 

Screenshot_10.jpg

Ауру мазамды алғанда алдымен ем алдым. Сосын жағдайым жақсара қоймаған соң мақтаулы бір емшінің есігін қақтым. Ол «Сенің жолыңды көре алмас біреу байлап тастапты. Ол зиян әсіресе жатыр аумағына ауры тиген», – деді. Мұндайға бас салып сене салатын адамдардың қатарынан емеспін. Сондықтан «Қойыңыз, менде біреудің не жұмысы бар?» » деп таңданып, иығымды бір қиқаң еткізіп, жөніме кеткенмін. 

Кейін емшінің осы сөзін есіме жиі алатын болдым. Өйткені оған баратыннан үш-төрт жыл бұрын көтергенмін, бірақ бала ішімде өліп қалған еді. Содан кейін қанша емделіп, басқа да қазақи ырым түрлерін жасағаныммен, көтере алмай жүргенмін. Жыл өткен сайын бұл жай жаныма батып, ойланбайын десем де осы сөзді есіме түсіп кете беретін деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Содан кейін егер шынында да бойымда зиян болса, тазаланайын, зиярат етіп, Алладан сұрап, тәу еткен жөн деп шешкенмін. Арыстанбабқа осы мақсатпен бардым.

Айтсам сенбессіздер, атаның басына барып, құран бағыштап, Алладан жәрдем сұраған соң ішімнен күбірлей тілегімді айтып, сол жердегі бұлақтан су ішіп, бетімді, қолдарымды жудым. «Е Алла, осы тұзды судың шипасын бере гөр! Жанымды да, тәнімді де тазалауға көмектес. Сиқыр болса, одан құтқар!» – деп сұрағанда көзімнен жас сорғалады. 

Жылап отырып жарты литрден артық су ішіп қойыппын. Қолымдағы 1 литрлік ыдысқа тағы да су толтырып алдым. Содан Шолаққорған деген жерге тойға кеттік. 

Не керек, сол күні түнімен ішімнен қан кетті. Ішім ісіп, өзім табан астында азып шыға келдім. Той да жайына қалып, бүк түсе жатып қалдым. Қатты қорықтым. Үшінші күн дегенде ғана басымды көтердім. Кереметті қараңызшы: ішім кәдімгідей тазаланды ғой. Содан кейін мені мазалаған ауру да із-түзсіз жоқ болды. Осыдан кейін мен жыл сайын Арыстанбаб кесенесіне зиярат етіп баратын болдым.

Күлпаш БӨТЕНБАЕВА,

«Ауырмаңыз!» газеті

«Мешін жұтында» отар-отар қойды аман алып қалған шопан
Төрт жасар баланың бір ауыз сөзі автобустағыларды жылатты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу