Төрт жасар баланың бір ауыз сөзі автобустағыларды жылатты

Oinet.kz 24-02-2022 3608

Кеше автобуспен үйге бара жатқанмын. Бiр аялдамадан шамасы төрт жасар бала мен отыздан асқан жас жiгiт кiрдi. Бала әкесiнiң тiзесiне басын қойып жылай бастады.

Screenshot_11.jpg

Көпшiлiк еркелеп тұрған қыңыр бала болар шамасы деп мән бере қоймады. Әкесi де шаршаған, тұнғиық ойға шомған көздерiн терезеден алар емес. Сәлден соң бала:

- Әке, сен анамды жақсы көремiсiң? - дедi. Осы сөздi естiгеннен-ақ әке жүрегi елжiреп көзiнен жас тамды:

- Иа балам, қатты жақсы көремiн! 

- Олай болса, оны неге жерге көмiп тастадық? Ендi мүлдем көрмеймiз бе? - деп мөлдiрей қарағанда, жолаушылардың төбесiне жай түскендей болды. Әкесi үнсiз баласын

қолдарымен қатты құшақтады, бауырына қысып өзiн-өзi ұстауға тырысқанымен дәрменi жетпедi. Автобустағылардың да көзiне ерiксiз жас келдi. Бәрi де тауқыметтi тағдырдың ащы дәмiн сезгендей болды. 

Арыстанбабтағы суды ішіп жазылдым
Бейтаныс атаның батасының арқасында бағы ашылған қыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу