Қысқа арналған кәдіден жасалған корей салаты

Oinet.kz 09-01-2020 644

Қажетті заттар:

- 2 кг кəді (кабачка)

- 1 кг сəбіз

- 0,5 кг пияз

Маринад үшін:

- 1 стақан қант

- 2 ас қасық тұз

- 1 стақан сұйық май

- 2 ас қасық уксус

- кориандра, қара бұрыш дəміне қарай

Егер кəді кəрілеу болса, қабығын тазалаймыз, ал егер жас болса қабығын тазалаудың қажеті шамалы.

Сəбіз бен кəдіні үккіштен өткіземіз. Пиязды жарты шеңберлеп тураймыз.

Маринад дайындаймыз: ол үшін кориандра, бұрыш, тұз, қант, сұйық май жəне уксусты араластырамыз. Маринад дайын.

Дайын көкөністерге маринад құйып, жақсылап араластырып, 2 сағатқа қалдырамыз.

Сосын салатты банкілерге салып, 1 литрлік банкілерді 30 минут сыртынан қайнатамыз. Сосын қақпағын жауып, 1 тəулікке орап тастаймыз.

Салат дайын.

Көктем салаты
Шоколадты бисквит
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу