«Қызыл бархат» торты
Қажетті заттар:
Қамыры үшін:
- 4 жұмыртқа
- 1 стақан қант
- 1 стақан сүт
- 200 гр сары май
- 2,5 стақан ұн
- 1 шəй қасық қамырқопсытқыш
- ванилин
- 60 гр қызыл түсті бояғыш
Кремі үшін:
- 2 жұмыртқа ақуызы
- 1,5 стақан қант
- 4-5 лимон тамшысы
- 0,75 мл су
1. Алдымен жұмыртқа мен қантты араластырып, миксер көмегімен көпіртіп шайқаймыз. Оған еріген сары майды құямыз. Ары қарай шайқай береміз. Сосын сүтті құямыз, тағы да шайқап, бояғышты қосамыз. Енді қоспа біркелкі қызыл түске айналғанға дейін шайқаймыз.
2. Ванилин мен қамырқопсытқыш араласқан ұнды аздап қосып отыра, қасықпен араластырамыз. Қамыр дайын.
3. Майланған формаға құйып, 180 градуста шамамен 45 минуттай пісіреміз.
4. Енді крем дайындаймыз: алдымен ақуыздарды аппақ қардай түске еніп, қоюланып көпіргенге дейін шайқаймыз. Басқа ыдыста қантқа су қосып, лимон тамшыларын тамызып, баяу отта қайнай бастағаннан шамамен 7-10 минуттай қайнатамыз. Яғни шəрбаттың түсі аздап сарғыштана бастаса, дайын болғаны. Сосын қайнаған шəрбатты шайқалған ақуыз үстіне құйып, қою крем болғанға дейін тақтамастан миксермен шайқаймыз. Крем дайын.
5. Піскен торт бəлішін өткір пышақпен екі бөлікке бөлеміз. Арасына жəне дан-жағына крем жағамыз. Сосын тортты 5-6 сағатқа тоңазытқышқа салып қоямыз.
Торт дайын.
Асыңыз дәмді болсын!