Психологиялық тест: «Жанып тұрған сіріңкенің бірін таңдаңыз!»

Oinet.kz 02-12-2020 3789

image.png

Бірінші сіріңкені таңдаған болсаңыз, тағдыр сізге керемет тосын сыйын дайындап отыр. Өткен күндеріңізде орын алған оқиғаларды есіңізге қайта түсіріп, өзіңізге бақытсыздық сыйлауды доғарғаныңыз жөн. Болашақ сізге ерекше сыйлықтар дайындап тұр, оны тек өткен істерді ойламау арқылы ала аласыз!

Екінші жалын, егер де романтик жанды іздеп жүрген болсаңыз ол сізге жақындап қалды. Жақын күндердің бірінде сіздер тосыннан қауышасыздар. Күтіңіз! Ол адамға арналған өз талаптарыңыз бар. Егер ол осы талаптарыңызға сәйкес келсе, демек махаббаттарыңыз баянды болмақ. Сәттілік!

Үшінші сіріңке сіздің өз ісіңізде табысты болатыныңызды көрсетіп тұр. Сіздің карьераңызда үлкен өзгерістер, мол табыстар күтіп тұр. Айналаңыздағы кейбір қызғаншақ адамдар сізге кесірін тигізуге әрекет етуі мүмкін. Сол себепті сақ болғаныңыз абзал.

Төртінші жалын, жақын уақытта демалыс аласыз. Көптен бері жоспарлап жүрген еңбек демалысыңызды жақсы өткізуге тырысыңыз. Таулы аймақтарға, таза ауаға жақын болғаныңыз жөн. Жалғыз серуендеп, санадағы артық ойлардан арылып, ойыңызды таза ұстауға тырысыңыз. Жақсы демалыңыз!

Бесінші жалын. Нағыз шығармашылықпен айналысатын сәт. Өзіңіздің сүйікті ісіңізді қайта қолға алғаныңыз жөн. Себебі, осы жолы сәтті дүние шығары анық көрініп тұр. Санаңыздың серпілуіне жол беріңіз. Шығармашылық жолда іске сәт!

Психологиялық тест: «Періште қанатының бірін таңдаңыз!»
Ұйқы кезінде орын алатын 8 жұмбақ оқиға
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу