ШҚО-дағы ауылда жұмбақ шұңқыр пайда болды
28-10-2021
Адамның миы өте күрделі. Оның не ойлап жатқанын 100% түсініп білу мүмкін емес. Мысалы, біз тыныш ұйықтап, бойымызға жақсы қуат алғымыз келеді. Ұйқы кезінде таңқаларлық және жағымсыз, жұмбақ жағдайларды кезіктірмеу мүмкін емес.
1. Бұлшықеттердің тартылуы
Көз ілініп, енді ғана түс көре бастаған сәтте дененің тұтастай құрысып қалатын сәттері бәрімізде болары сөзсіз. Аздаған уақыттан кейін денеңізде бірдеңенің үстінен құлап бара жатқандай рефлекс болады және сіздің денеңіз сол сәтте әлдебір реакцияны бастан кешіреді. Бұл мидың күрделі бір жұмысы болғандықтан ғалымдар оның себебін әлі күнге дейін таба алмай келеді.
2. Бастырылу
Жүздеген жылдар өтсе де ғалымдар бұл құбылысты әлі күнге дейін түсіне алмай дал болуда. Зерттеушілер ол әрекеттің ұйқы барысында болатынын ғана біледі, алайда не себепті екені белгісіз!? Әрбір төртінші адам ұйқы кезінде бастырылады деп есептейді. Симптомдары: тыныс алу жолдарының жабылуы, қимылдай және сөйлей алмай қалу, қорқыныш сезімі орын алады.
3. Айкезбелік
Бұл өте қорқынышты және қолайсыз жағдай. Адамдар ұйықтап жүріп серуендеп, үй тазалай және басқа да әрекеттерді жасай алады. Ал таңртең ұйқыдан оянған кезде олардың есінже ештеңе қалмайды. Тіптен, жасаған әрекеттерін ұмытып та кетеді. Себебі әлі белгісіз тіпті емі де табылмай жатыр.
4. Ұйқы кезінде сөйлеу
Ұйқы кезінде әңгіме айтып, жан-жағына айқайлап, тіпті өзіне керегін жанындағы адамдардан сұрап алатындар да бар. Олардың неліктен мұндай әрекетке баратыны әлі күнге дейін түсініксіз.
5. Түс көріп жатып түс көру
Адам ұйықтап жатып түс көреді, сосын оянып айналасына қарайды, алайда оның өмірінде қорқынышты нәрселер орын алып жатыр. Оны біреу қорқытып, қылқындырып немесе туысын ұрлап кететіндей жағдайларды көзімен көріп отырады. Содан кейін ұйқыдан оянып мұның түс екеніне көз жеткізетін болады. Эзотериктердің айтуы бойынша мұндай түсті тек рухы мықты адамдар ғана көреді. Ғылым мұның себебін әлі күнге дейін түсіндіре алмай келеді.
6. Түстің қайталануы
Бір сценарий бойынша қайталанатын түсті бәріміз көрген болуымыз керек. Психологтар біздің миымыз күнделікті өмірімізде байқамайтын нәрсеге назар аударту үшін осындай түстерді пайдаланады деп есептейді.
7. Бастағы жарылыс
Адам қатты соққымен оянады. Кейде құлағы дыбыс естімей қалуы мүмкін. Бұл аса қауіпті дүние емес. Алайда адамдарды қатты шошытады. Бұл ми айналасындағы дыбыстық өңдеуге жауап беретін нейрондардың тым қатты белсенділігінен орын алатын жағдай. Ол ұйқысыздық синдромымен тікелей байланысты болуы мүмкін.
8. Астрал саяхат
Сіз жақсы ұйықтайсыз, алайда өзіңізді сырттай бақылап отырасыз. Мистиктер мен окулистер ос әрекеттен соң рухтың бар екенін айтады. Ғалымдар, зерттеушілер әлі күнге децін мұның себебін біле алмай әлек.