Әлемдегі ең жұмбақ гүлдер

Oinet.kz 30-09-2020 1854

Жігіттер қауымы қыздарға көбіне гүл сыйлайды. Гүлдің түстеріне байланысты түрлі симводық мағыналары бар екені баршамызға жақсы таныс. Гүлдердің шығуына байланысты әпсаналар да өзінің бойына керемет символдық мағына жиып алған. Назарларыңызға ең жұмбақ гүлдер тізімін ұсынамыз!

image.png

Гиацинт – махаббат , бақыт, адалдық гүлі және қайғы-қасірет белгісі

image.png

Гүлдің атауы" гиацинт " грек тілінде "жаңбырлы гүл" дегенді білдіреді. Гректер оны ежелден қайғы гүлі және деп атайды. Гиацинт көктемде гүлдейді. Мәдени өсімдік бөлме өсімдігі ретінде немесе декор ретінді есік алдында өсірілуі мүмкін.

Гүлдің атауына байланысты керемет аңыз бар. Аңызға сүйенсек, Аполлон құдайының сүйіктісі Гиацинт есімді жас жігіт болды. Көбіне Гиацинт пен Аполлон спорттық сайыс  ұйымдастырады. Бір күні Аполлон диск лақтыру бәйгесін ұйымдастырып, диск лақтырады. Жел Құдайы Зефир қызғаныштан дискіні алып, Гиацинтке лақтырды. Бақытсыз жас жігіт қайтыс болды. Аполлон сүйіктісін еске алу жас жігіттің қанынан өскен осы гүлмен мәңгі қалды.

Ирис

image.png

Аңыз бойынша, алғашқы ирис бірнеше миллион жыл бұрын гүлдеген.  Гүл соншалық әдемі болғандықтан, оны тамашалауға тек жануарлар, құстар мен жәндіктер ғана емес, сонымен бірге су мен жел де келеді.  Су мен жел арқылы гүл тұқымы бүткіл алапқа жайылады. Қазақстанда құмды, шөлді және шөлейт жерлерде, далада, тау бөктерінде, ормандарда өсетін 8 түрі бар.

Елімізде иристі құртқашаш деп те атайды. Ол туралы міне  тағы бір аңыз. Бір күні кемпірқосақ жоғалмас бұрын бөлктерге бөлініп, жерге құлайды. Бөліктердің сынығынан керемет гүлдер өсіп шығады. Сол гүлдің атауы түсінің ғажаптығы үшін ирис аталып кетеді.

Қалампыр

image.png

Ежелгі грек мифінде Қалампырдың пайда болуы туралы. Бірде аң аулау құдайы Диана (Артемида) сәтсіз аң аулағаннан кейін қатты ашулады.Өшін кімнен аларын білмей жатқанда әндетіп көңілді жүрген шопанға кез болады. Ашулы Диананың кәріне ұшыраған шопан өлтірмеуін өтініп кешірім сұрайды. Диана оның шарасыздығын елемей өлтіреді. Өзіне келген Артемида жауыздықтың биігіне шыққанын сезінеді. Шопанның көздерінен жазықсыз төгілген жастай болып әсем гүл өсіп шығады.

  Қалампырдың Азияда, Африкада, Еуропада шөп және бұта болып есетін 300-дей түрі бар. Солардан бұрынғы КСРО жерінде өсетіндері - 80. Қалампыр топтанып өседі. Гүлінен эфир майы алынады. Қалампырдың бірнеше түрі декорация ретінде теплицаларда, құмыраларда өсіріледі. Кейде шала бұта түрінде де кездеседі. Қазақстанның далалық аймақтарында, су алабындағы шалғындарда, тасты төбе баурайында, шалғынды тау бөктерінде өсетін 29 түрі бар. 

Суреттер ашық дереккөзден алынды

Психологиялық тест: Суреттен ең бірінші не байқадыңыз!?
Психологиялық тест: Сіз саусағыңызды қалай біріктіресіз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу