Психологиялық тест: «Періште қанатының бірін таңдаңыз!»

Oinet.kz 01-12-2020 2513

image.png

1. Періште қанаты. Сіз үнемі еркіндікке ұмтыласыз. Дене мен сананы босаңсытып, демалуға болатын тыныш жерді іздейсіз. Ішкі дауысыңызға сенесіз. Бір мезетте бәрінен бас тартып, өмірді жаңадан бастай аласыз. «Жаңа өмір жолында» дұрыс бағытта келе жатқаныңызға үнемі сенімді бола алмайсыз. Көбіне уақытыңыз күнделікті шаруаларды құнттаумен өтетіндіктен, тыныштық пен демалуға мүмкіндік жиі бола бермейді.

2. Періште қанаты. Сіз әр атқан таң үшін риза екеніңізді, таңертең ояна салып, тамаша күнді бастауға дайын екеніңізді және өміріңізде сізді жақсы көретін, сіз құрметтейтін адамдардың барына риза екеніңізді ойлаңыз. Бойыңыздағы әр жасуша қуанышқа толы екенін сезе білетін болсаңыз, өміріңізге жақсы, жағымды жайттарды көптеп тартасыз. Бұл өмірлік мәселелердің шешімін табуға көмектеседі. Егер бақытты өмірді аңсаумен жүрсеңіз, көп күтпей арманыңызға қол жеткізетіңізге күмәнданбаңыз.

3. Періште қанаты. Қазір өмірді қызықты оқиғалар мен ойын-күлкіге толтырар кезең. Егер сіз осы қанатты таңдасаңыз, демек ішкі дауысыңыз «мен ойнап, күлгім келеді!» деп дауыстауда. Демек ұзақ уақыт бойы сіз мұңайып, қапаланып, уайымдаумен болдыңыз. Далматин Джаспер әр адамның рухани жаратылыс екенін еске салады. Өмірді қуанышқа толтырып, қызықты етуге тырысу керек екенін жар етеді. Тіпті ең ауыр деген мәселенің шешімі бар екенін еске түсіреді.

Психологиялық тест: «Сағаттың бірін таңдаңыз!»
Психологиялық тест: «Жанып тұрған сіріңкенің бірін таңдаңыз!»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу