Ең аз ажырасу Түркістан облысында
Қазақстанда соңғы 5 жылда ажырасу көрсеткіші азайған. 2020 жылы – 48 002, 2021 жылы – 48 239, 2022 жылы – 44 519, 2023 жылы 40 227 жұп ажырасқан.
Яғни, 2022 жылы олардың саны 7,7 пайызға, ал 2023 жылы тағы 9,6 пайызға азайды. Төмендеу тенденциясы жалғасып келеді. Бұл қуантарлық жайт, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жылдарға қарамастан ауылдық жерлердегі ажырасу коэффициенті барлық уақытта да қалалық жерлерге қарағанда төмен болып келеді. Ажырасудың ең жоғары деңгейі 1 000 адамға шаққанда 3,12 коэффициентпен (2024 жыл) Шығыс Қазақстан облысында тіркелді. Ал соңғы ажырасудың ең төмен деңгейі Түркістан облысында байқалады – 1 000 адамға шаққанда тиісінше 0,98, 0,89 және 0,90 ажырасу.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, бірге тұрып жатқанына көп бола қоймаған ерлі-зайыптылар жиі ажырасып кетеді: өткен жылы ажырасулардың ең үлкен үлесі (35 пайыз) некеде тұрғандарына 1-4 жыл болған отбасылар арасында тіркелген. Ал шаңырақ көтергендеріне 5,9 жыл болғандар арасындағы ажырасу үлесі 25 пайызды құраса, ажырасулардың тағы 8 пайызы неке қиылған алғашқы жылдың ішінде-ақ тіркелген. 2023 жылы да осыған ұқсас жайт орын алған: шаңырақ көтергендеріне 1-4 жыл болғандардың 34,9 пайызы, үйленгендеріне 5,9 жыл болғандардың 26,9 пайызы ажырасып кеткен.