Демократияның жағдайы нашарлап келеді
02-04-2025
2025 жылдың наурыз айының қорытындысы бойынша Қазақстанда жылдық инфляция жеделдеп, 10%-ға жетті.
Бұл 2023 жылдың қараша айынан бергі жылдық инфляцияның ең жоғарғы көрсеткіші. Есептік кезеңде ақылы қызметтер 14,3%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 9,1%-ға, азық-түлік тауарлары 7,6%-ға қымбаттады. Бұл туралы ranking.kz порталы хабарлады.
Бірқатар қызметтер құнының динамикасын атап өтейік. 2024 жылдың наурыз айымен салыстырғанда коммуналдық қызметтердің тарифтері төмендегідей көтерілді: суық су — 88,4%; су бұру — 23,7%; орталықтан жылыту — 19%; ыстық су — 14,6%; электр энергиясы — 14,3%; тарату желілері арқылы тасымалданатын газ — 13,3%; қоқыс шығару — 11,1%.
Сонымен қатар, теміржол жолаушылар көлігінің қызметтері 23,6%-ға, ұялы байланыс 19,5%-ға, медициналық зертханалар мен рентген кабинеттері 18,8%-ға, сәлемдемелер жөнелту 17,7%-ға, дәрігердің алғашқы қабылдауы 16,1%-ға қымбаттады.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы өнім түрлері бойынша былайша өсті: темекі — 16,5%; жиһаз және кілемдер — 10,5%; тоқыма бұйымдары — 6,5%; тұрмыстық аспаптар — 4,2%; фармацевтикалық препараттар — 7,9%; аудиовизуалды жабдықтар мен фотоаппаратура, ақпаратты өңдеуге арналған жабдықтар — 48%; зергерлік бұйымдар мен сағаттар — 26%.
Азық-түлік өнімдерінің бағасы түрлері бойынша былайша өсті: нан-тоқаш өнімдері мен жармалар — 3,1%; ет (ет өнімдерін қоса алғанда) — 8%; балық (теңіз өнімдерін қоса алғанда) — 10,6%; сүт өнімдері — 6,1%; жемістер мен көкөністер — 11,9%; басқа өнімдер — 6,2%. Сонымен қатар тұтыну бағасының айлық индексі 1,3%-ды құрады (2025 жылғы ақпанда — 1,5%). Азық-түлік тауарлары бір айда 1,6%-ға, ақылы қызметтер 1,3%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,8%-ға қымбаттады.