Ластанған ауа аутизмге алып келеді

Oinet.kz 21-05-2020 785

Ғалымдар қоршаған ортаның ластануы туылмаған балада болатын аутизмнің алғашқы белгілерін алып келетінін анықтады. Гарвард университеті қоғамдық денсаулықты сақтау жоғары мектебінің зерттеуші мамандары ауа ластанған ортада аутизммен ауыратын балалардың саны екі есе артқанын алға тартып отыр. Ғалымдардың айтуынша, өкпеден қанға өтетін лас ауаның азғантай ұшқыны бала аутизмінің дамуына негізгі септік болады.

image.png

Тәжірибе барысында 1767 баланы тексерген. Соның 245-і аутизм дертіне шалдыққандар екен. Аурумен бірге туылған балалардың мекен жайларын анықтап, ондағы ауаны тексеруден өткізген. Нәтижеде аутизмнің лас ауаға тікелей қатысы бар екені анықталды. Дегенмен, зерттеу жұмыстары аутизмге негізгі себеп болатын ауа екенін дәлелдемейді. Одан бөлек біршама факторлар болуы мүмкін.

Темір қыз
Спорт - бақыт гормонын бөледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу