Кадиовертер жүрек жұмысын жақсартады
26-01-2024
Гебби Джинграс сәби күнінде өз саусағын көзіне тыға беретін әдеті болыпты. Ақыр соңында дәрігерлер оның бір көзін алып тастауға мәжбүр болады. Себебі балақай көзін шұқи бергесін оны езіп жіберген. Гебби көзімен ғана ойнауды ұнатпайтын, сондай-ақ бүлдіршін тісі шыққасын саусақтарын тіскілей берген. Салдарынан ол үш саусағын түбіне дейін мүжіп тастайды. Ол аз болғандай 4 жасында сәби көпшіліктің көзінше басын үстелдің шетіне қан аққанша соққылай береді. Осы сәтте Геббидің көзінен бір тамшы да жас шыққан жоқ.
Бұл өзі адам ба әлде шайтан ба деп отырған шығарсыздар. Шын мәнісінде Джинграс өте сирек кездесетін ауруға шалдыққан. Ол мүлдем ауырсыну сезімін білмейді. Жеті жасында кішкентай қыз өзін өзінен қорғау үшін басына шлем көзіне көзілдірік киіп жүретін. Өкінішке қарай Геббидің сырқаты емделмейді. Ғалымдар тұқымқуалайтын дертке әлі дауа болар препарат таппай отыр.