Даму орталығы ашылды

Oinet.kz 10-04-2025 137

Кентау қалалық емханасының базасында даму және ерте араласу орталығы іске қосылды. 

Screenshot_30.jpg

Аталған орталықтың ашылу салтанатына Денсаулық сақтау министрлігінен келген ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова, БҰҰ «ЮНИСЕФ» балалар қорының денсаулық сақтау бағдарламасын үйлестірушісі Бауыржан Жүсіпов және Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев қатысып, облысымызда ерекше қажеттіліктері бар балаларға ерте көмек көрсету мен ерте араласу жүйесін дамыту мәселелерін талқылады.

Ел игілігіне пайдалануға берілген орталық қызметі балалардың өмірінің ең ерте кезеңдеріндегі даму ауытқуларын анықтауға және жан-жақты көмек көрсетуге бағытталған. Бұл балалық шақтағы мүгедектік деңгейін төмендетіп қана қоймай, балалар мен олардың отбасыларының өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. 

Орталықта жаңа туған нәрестелер мен ерте жастағы балаларға скринингтер жүргізу, аутизмге түрлендірілген скринингтік тест, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен балаға қатыгездіктің алдын алу, патронаждық бақылаудың тиімділігін ұйымдастыру, балалар мен олардың отбасыларына қажеттілікті анықтау және ведомствоаралық көмекті ұйымдастыру, бес жасқа дейінгі балалардың заңды өкілдеріне күтім мәселелері бойынша кеңес беру, балалардың дұрыс тамақтануын ұйымдастыру сияқты көптеген көмек көрсетілетін болады. 

Орталықтың құрамына аймақтық дәрігер, педиатр, невропатолог, психолог, әлеуметтік қызметкер, патронаждық мейіргерлер және бейінді мамандар тартылған.

Бес елдің білікті мамандары тәжірибе алмасты
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу