Даму орталығы ашылды
10-04-2025
Түркістанда Қазақстан, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Тәжікстанның жетекші мамандары мен ғалымдары қатысқан «Қазақстан Республикасында балалардың жақ-бет хирургиясын дамыту перспективалары» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Форумның шеңберінде Түркістан қалалық балалар ауруханасының базасында халықаралық мастер-класстар ұйымдастырылып, 10 операция жасалды.
Балалардың жақ-бет хирургиясы – медицинаның ең сұранысқа ие және тез дамып келе жатқан бағыттарының бірі. Заманауи технологиялар диагностиканың дәлдігін арттырып қана қоймай, сонымен қатар пациенттердің оңалту мерзімін едәуір қысқартатын жоғары тиімді хирургиялық араласулар жасауға мүмкіндік береді. Дегенмен, озық әдістерді енгізу дәрігерлердің жоғары біліктілігін және тұрақты кәсіби дамуды талап етеді.
Жақ-бет кемістіктерінің ауырлығы көбінесе балалардың мүгедектігіне – жұтыну, тыныс алу, көру қабілетінің бұзылуына, жеке ағзалардың дисфункциясына әкеледі. Адамның даму кемістіктері айқын сыртқы функционалдық бұзылулармен, мектепке дейінгі және мектеп ұжымдарындағы баланың әлеуметтік кемшіліктерімен, жанжалдардың шиеленісуімен және отбасындағы жағымсыз психологиялық жағдай ғана емес, сонымен қатар деформация соматикалық бұзылуларды тудырады. Бұл өсудің тежелуіне және жалпы балалар организмінің дамымауына апарады.
Конференция жол картасы шеңберінде өткізілді және балалардың жақ-бет хирургиясының өзекті мәселелері бойынша дәрістер мен баяндамаларды, клиникалық жағдайларды талдауды және диагностиканың заманауи әдістерін зерделеуді, жетекші мамандармен практикалық сабақтарды, жанды хирургиялық сессияларды (ассистенттелген хирургия), пациенттерді оңалтудың қазіргі заманғы стандарттарын талқылауды қамтыды.
Форум алаңында пленарлық отырыстар өтті, онда жақ-бет хирургиясы саласындағы жетекші сарапшылардың баяндамалары тыңдалды. Сарапшылар өздерінің практикалық тәжірибелерімен бөлісті, диагностика мен емдеудің заманауи тәсілдерін ұсынды. Сондай-ақ қазақстандық дәрігерлер үшін теориялық және практикалық сабақтар өткізді.
Түркістан қалалық балалар ауруханасының базасында ұйымдастырылған халықаралық мастер-класстарда балалардағы жақ-бет патологияларын диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері, оның ішінде хирургиялық араласуды қажет ететін күрделі клиникалық жағдайлар қарастырылды. Ассистенттелген хирургияға, аз инвазивті әдістерге және пациенттерді кешенді оңалтуға ерекше назар аударылды.
Конференция жанды хирургиялық сессияны өткізуге мүмкіндік берді, онда қатысушылар пациенттерді диагностикалау және хирургиялық емдеу процесін нақты уақыт режимінде бақылай алды. Форум барысында әртүрлі өңірлердегі балаларға таңдай жырығы, ерін жырығы, бет сүйектерінің бірнеше сынуы және құлақ каналының атрезиясы диагноздары қойылып, 10 операция жасалды.