Көк суыр ауласаңыз 3 жылға сотталасыз

Oinet.kz 22-03-2019 1872

Screenshot_3.jpg

   Қызыл кітапқа енген батыс Тянь-Шань эндемигі - Мензбир суыры, немесе көк суыр теңіз деңгейінен 2100-3300 метр биіктікте мекен етеді. Мекен ету аймағы 400 шаршы шақырымды алып жатқан Талас Алатауы, Қаржантаудың солтүстік- шығыс бөлігі. Шөп тамыры мен жапырағын қорек ететін көк суыр 7-8 ай қысқы ұйқыда жатады.         

Елімізде XX ғасырдың 40-жылдары көк суырдың қоры 40-50 мыңдай болған, ал 70-жылдары  құнды терісі мен ел арасында суыр майының емдік қасиеті бар деген қауесет тарап, аңды негізсіз аулау кең етек алған. Осының салдарынан Мензбир суырының мекен ету аймағының төменгі белдеуі теңіз деңгейінен 2100 метрден 2390 метрге жоғарылап, саны үштен бірге дейін кеміп кеткен. Соңғы жылдары «Сайрам-Өгем» Ұлттық паркі аумағында көк суыр саны жіті қорғау нәтижесінен қайта толыға бастағаны байқалады.

Көк суыр аулау фактісі тіркелген жағдайда Қылмыстық Кодекстің 290  бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Сол сияқты  Үкіметтің 2001 жылғы 4 қырқүйектегі  №1140 қаулысымен бекітілген « Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» заңнамасына сәйкес заң бұзудан келтірілген зиянды өтеу ставкасының мөлшері Мензбир суырының әрбір дарағы үшін 400 атаулы есептік көрсеткішті құрайды және бұл сома айыпкерден өніріледі.

Е. Жолшиев, «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің табиғи кешендерді қорғау бөлімінің бас маманы 

Мұрағаттан, 19.08.2012 ж

Өзбекстан оқушылардың киіміне қатысты жаңа тәртіп енгізді
Оңтүстіктің спортына бөлінген есіл қаржы қайда жұмсалып жатыр?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу