Өзбекстан оқушылардың киіміне қатысты жаңа тәртіп енгізді

Oinet.kz 22-03-2019 841

1545304624_primary-large.jpg

Бұған дейін студенттердің жүріп-тұру ережесін қолданысқа енгізген Өзбекстан билігі енді мектеп оқушыларына тиесілі бірыңғай тәртіпті бекітті. Ол бойынша бұдан былай мектеп оқушылары Білім министірлігі бекіткен мектеп формасын киеді. Бұдан бөлек министрліктің бұйрығына сәйкес шәкірттердің киген киімі «тым қысқа және тым ұзын емес, тым кең және тым тар емес» болуы шарт. Қыздардың шаштары бір немесе екі бұрыммен өрілген болу керек. Сондай-ақ қыздарға косметика қолдануға болмайды.  Ал ұлдарға мынадай талаптар қойылған: міндетті түрде галстук тағып жүру, шаш қысқартылған, киімдері үтіктелген болуы тиіс. Сонымен қатар барлық шәкірттерге білім ұяларында ұялы телефон байланысын қолдануға қатаң тиым салынады.

Мұрағаттан, 19.08.2012 ж

Шыңғыс Мұқан облыс әкімінің орынбасары
Көк суыр ауласаңыз 3 жылға сотталасыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу