Министр директорлар мен «завучтардың» жалақысына қатысты жағымды жаңалықпен бөлісті

Oinet.kz 16-03-2023 907

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп директорлары, орынбасарлары мен басқа да мектеп қызметкерлерінің жалақысын көтеру туралы уәделер орындалмай жатыр деген шағымдарға жауап берді.

Screenshot_2.jpg

Ғани Бейсембаев Мемлекет басшысы уәде еткен мұғалімдердің жалақысын көтеру толығымен орындалғанын баса айтты. Мұғалімдердің жалақысы жыл сайын 25 пайызға өседі. Биыл да жалақы көлемі 25 пайызға ұлғайған.

«Қазір білім беру ұйымдарының басшыларын қолдау мақсатында көтерілген мәселені қарастырып жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып келеді. Бұл оңай емес, барлық артықшылықтар мен кемшіліктерді есептеу керек. Мектеп директорлары, орынбасарлары мен басқа да қызметкерлердің жалақысын көтеру қолдау табады деп сенемін», деді министр Парламенті Сенатының отырысында.

Түркістанда екі білім бөлімінің басшысы сотталды
Мирзияев 2040 жылға дейін президент болуы мүмкін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу