Ердорған Путиннің досы
23-05-2023
Өзбекстанда Конституциялық реформаның жобасы жалпыхалықтың референдумға қойылды. Референдум 30 сәуірге белгіленіп отыр. Мұндай шешімді Сенат бекітті.
Жоба бойынша Ата заңның көптеген баптарына өзгерістер енгізіледі. Соның ішінде президенттің өкілеттік мерзімі бес жылдан жеті жылға ұлғайтылады. Сарапшылар бұл бірінші кезекте қазіргі президент Шавкат Мирзияев үшін тиімді дейді.
Шавкат Мирзияев президенттік постқа алғаш рет 2016 жылы сайланған. 2021 жылы екінші мерзімге өтті. Енді конституциялық реформаға байланысты оның бұған дейінгі мерзімдері есептелмейді. Ол жеті жылдан тағы екі мерзімге сайлануға мүмкіндік алады.
Яғни, Мирзияев әлі 14 жыл президент болуы ықтимал. Ал кейбір сарапшылар Мирзияев осы жолғы мерзімі біткенше, 2026 жылға дейін отырып, одан кейін жеті жылдан кейін тағы екі мерзімге сайланады дегенді айтуда. Мұндай жағдайда ол 2040 жылға дейін президенттік постты ешкімге бермейді деген сөз.