Путин бес қазақстандықты арнайы марапаттады

Oinet.kz 28-03-2023 650

Ресей президенті Владимир Путин бес қазақстандықты Пушкин медалімен марапаттады.

Screenshot_1.jpg

Путиннің жарлығында "Ұлттар мен ұлыстардың мәдениеттерін жақындастыру және өзара байытудағы жемісті қызметі үшін Пушкин медалімен марапатталсын" деп жазылған. 

Құжатқа сәйкес, ресейлік медальмен "Астана Опера" театрының директоры Ғалым Ахмедьяров, Шымкент қалалық орыс драма театрының директоры Игорь Вербицкий, Н.Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы Валерия Крымская, Л.Гумилев атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ерлан Садықов, "Славяндар" қоғамдық-мәдени бірлестігінің төрайымы Галина Щербакова марапатталды.

Мирзияев 2040 жылға дейін президент болуы мүмкін
Жаңа Мәжіліс, ескі төраға
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу