Қуат пен реніш
Бұл ғалам бізді қатты жақсы көреді. Бүкіл мақсатымызды орындайтын күш-қуатты қуана береді. Алайда сол күш-қуатты болмашыға сарп етіп, өз жан-дүниемізді өзіміз лайлап жатамыз. Ақырында мақсат пен бақытқа күш қалмайды. Қуатымыз қайда кетеді? Қуатымыздың тең жартысын басқа адамдарға үлестіреміз. Өз қуатымызбен олардың тілегі мен арманын қолдаймыз. Негізі адамдар ылғи қуат алмасып отырады. Солай болған, солай бола береді. Қалыпты құбылыс. Тек тым шектен шығып кетпеу қажет.
Біздің қуатымызды сорып тастайтын бірден бір дүние – реніш. Ашуланғанда, кешіре алмағанда – сол адаммен қуат арнамыз тоғысады. Сол арна шаңсорғыш сияқты бүкіл қуатымызды сорып алады. Қуатымыздың бәрі әлгі адамды толтырады. Ренжіген сайын көбірек қуатымыз оған көшеді. Содан парадокс туады: ажырасқан күйеуге ренжісеңіз, оны кешіре алмасаңыз, содан жаныңыз дертті болады, ал оның ісі алға басып, жетістікке жете береді. Себебі, ренішпен оны қуаттандыра береміз. Оны ойлаған сайын ренішке бойлай береміз, ол одан сайын күшейе береді.
Егер біреуді кешіру медитациясын жасасаңыз, дереу сол адам хабарласады. Бұны байқадыңыз ба? Неге? Себебі, қуаты кеміп жатқанын сезеді. Соны толтыруға асығады. Сондықтан кешіріп, тезірек ескі ренішті ұмытуға күш салыңыз. Қалай жасау керегін өзіңіз біліңіз. Жолы көп. Сан алуан медитация баршылық. Ренішті бастан кешкен сайын ойша ол адамға бақыт тілеңіз. «Рақмет саған!» дегенді айтыңыз. Басында үйренісе алмай қиналасыз. Меңгеріп алсаңыз, оңай кешіріп, жеңіл өмір сүріп дағдыланасыз. Ренжіткен адамға рақмет айтуға тұрарлық себеп болады. Олар біздің ұстазымыз, біздің тәжірибе, өмірлік сабақ. Оларды өз өмірімізге ойымызбен тарттық. Олардың келгеніне рақмет айтайық. Алғыс - өз қуатымызды күшейтеді, нығайтады, өсіреді. Соны ұмытпайық.
Юлия Воронина
Аударған Шынар Әбілдә