Қуат Хамитов Ресейдегі кештің басты жекпе-жегінде жеңіліс тапты
33 жастағы қазақстандық файтер Қуат "Найман" Хамитов "Пиранья" лақапатымен танымал 28 жастағы ресейлік Мариф Пираевтан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл айқас Сочиде (Ресей) өткен MC Fight Night турнирінің басты жекпе-жегі болды.
Жекпе-жек алдында "Найман" еш қиындық көріп тұрмағанын, өйткені бірнеше жылда алғаш рет ұрысқа жарақатсыз келетінін мәлімдеген болатын.
Жекпе-жек барлық үш раундқа созылды. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан жеңісті Пираевқа берді - 30-27, 29-28, 30-27.
Осылайша, Хамитов карьерасында сегізінші рет жеңіліс тапты, алайда оның қоржынында 21 жеңіс, бір тең көрсеткіш бар. Ал Пираев ММА-дегі 27-ші жеңісіне жетті, ол төрт рет жеңілген, бір рет тең түскен.