«Көздерің ашылатын кез келді ғой» - Айгүл Орынбек
Белгілі заңгер әлі блогер Айгүл Орынбек халықты алдап, ақшасын иеленетін коучтар мен бизнесвумендерді сынға алды. Халықты оларға мүлде сенбеуге шақырды. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.
- Адамды тез байып кетуге шақыратындар қазақтың сенімімен ойнамаңдар! Мезгілсіз уақытта келген түнгі хат, түн ұйқымды ұрлады. Бес баламның аузынан жырып, иппотекалық үйімді сатып 20 мың доллар ақшамды сол “ пәлеге” салдым. Маған көмек беріңіз мен көп балалы анамын, алданғандар көп деп жазыпты. Ақша салар кезде менен сұрадыңыз ба? деп жазып жібердім! Көмек бергім келмеді, балаларының аузынан жырып ақшасын далаға шашқаны үшін ашуландым!
Ұйқы бұзылды, жаман ойлар маза бермей қайта жаздым. Құжаттар бар ма? Жібере аласыз ба? - деп. Алайда бұл кісіде қолында ешқандай құжат жоқ болып шықты.
Қалайша соншалықты көп сомманы ешқандай контрактісіз бере салатынына таң қалдым. Халыққа сенбеңдер ондайларға деп қанша айтсамда, тыңдамайды, соңында келіп айдаладағы маған ренжиді! Халықтың ақшасын жинап алып, Түркияда шалқып жүрген коуч, бизнесвумен, алаяқ ханым! Халықтың ақшасын қайтарыңыз, халықтың көзі жасына қалмаңыз! Қаншама баланы шатырсыз, ана мейірімінсіз қалдырмаңыз! Әзірге бұл жәй ескерту, егер шындап кірісетін болсам Түркияға да аяғым жетеді. Ол жақтан депортациямен алдырамын! Ал оқырмандарыма айтарым әркімнің лағып отырып айтатын лекцияларына сеніп қажеті жоқ! Халықтан жинап, халықтың ақшасымен миллионер болып жүргендер сендерге үлгі болмау керек! Олар сетевой алаяқтар! Көздерің ашылатын кез келді ғой, оңай жерде миллион жоқ! - деп жазды ол.