Қазақстанның СІМ министрі БҰҰ басшыларымен кездесті
БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-сессиясына қатысу шеңберінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті. Антониу Гутерриш Ауғанстанға жәрдемдесу жөніндегі БҰҰ миссиясының қашықтағы кеңсесін Алматыда орналастыру туралы шешім қабылдағаны үшін Қазақстан Президентіне алғысын білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz.
Ол біздің еліміз тұрақтылықтың символы және көпжақтылықты ұстанудың үлгісі болып табылатынын ерекше атап өтті.
- Қазақстанның бұл шешімін біз тек көмек ретінде қана бағаламаймыз. Сіз БҰҰ мен Қазақстан арасындағы тамаша қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал ететін дипломатиялық бауырластықтың шынайы рухын көрсеттіңіз, - деді А.Гутерриш. Өз кезегінде Министр Президент Қ.Тоқаевтың БҰҰ-ның Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттігін құру жөніндегі бастамасының іске асырылу барысы туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.