Рахат Тұрлыхановқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Oinet.kz 22-04-2026

Алматыда отбасылық жанжалдан кейін әнші Рахат Тұрлыхановқа қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады.  

image.png

Ведомство мәліметінше, іс Медеу аудандық полиция басқармасында тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты зерттелген.  

«Арызданушы тарап шағымынан және істі одан әрі қараудан бас тартты. Осыған байланысты қылмыстық іс заң талаптарына сәйкес тоқтатылды», – деп мәлімдеді полиция өкілдері.  

Сонымен қатар құқық қорғау органдары отбасылық-тұрмыстық қатынастарға байланысты әрбір жағдай бойынша азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау бағытында тиісті шаралар қабылданатынын атап өтті.  

Еске салайық, бұған дейін Медеу ауданында болған жанжалға байланысты полицияға шақырту түскен. Қызметкерлер оқиға орнына жедел жетіп, жанжалға қатысушыларды бөлімшеге жеткізген. 

 Алғашында әйел өзіне күш қолданылғанын мәлімдеген. Алайда кейін бұл сөзін жоққа шығарып, тек отбасылық жанжал бойынша арыз жазған.

  Кейін сот іс материалдарын қосымша қарау үшін прокурорға қайтарған еді.

Блогер Қайсар Хамза ұсталды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу