Блогер Қайсар Хамза ұсталды

Oinet.kz 14-04-2026

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі халықаралық іздеуде жүрген блогер Қайсар Хамзаны ұстады, деп жазады Оinet.kz.

image.png

Ведомство мәліметінше, Интерпол арналары арқылы Вьетнамның құқық қорғау органдарымен бірлескен операция нәтижесінде күдікті Камрань қаласында қолға түскен.

Тергеу деректеріне сәйкес, блогер әлеуметтік желілерде онлайн-казиноларды жарнамалап, пайдаланушыларды құмар ойындарға тартқан. Осы заңсыз әрекеттер арқылы ол 100 млн теңгеден астам табыс тапқан. Қаражат оның атына тіркелген криптовалюта әмиянына аударылып отырған.

Қазіргі уақытта күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылуда.

ІІМ мәлімдеуінше, шетелге жасырыну қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды және іздеуде жүрген әрбір адам міндетті түрде ұсталып, елге қайтарылады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі 1995 жылы туған Қамза Қайсар Бақытжанұлына халықаралық іздеу жариялаған. Сот шешімімен оған «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалған.

Голливуд жұлдыздары Paramount пен Warner Bros-тың бірігуіне қарсы шықты
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу