Бас ауруын дәрісіз емдеудің 8 тәсілі
04-04-2021
Ноам Хомский — философ, қоғам қайраткері, тіл ғылымының профессоры, бірнеше кітап авторы. Бүгінгінің білімді адамы. Саяси тиранияның сыншысы. Хомский мемлекет ұғымын шығу кезінен бастап бүгінге дейін талдаған. Оның даму векторларын айқындайды. Мемлекеттік не саяси билік өз құқына енгенде басты мақсаты өзін таңдағандарды басқаруға құлшынады. Ел-жұрт жақтырмаушылық білдірсе, халыққа зорлық жасамай қарсы тұруға болады, ол үшін БАҚ дейтін құралды пайдаланбақ. «Манипуляцияның 10 тәсілі» деген еңбек жазған. Таныс болыңыздар.
№1 тәсіл: назарды басқаға аудару
Қоғамды басқарудың негізгі элементі елдің назарын мемлекеттік түйткілдер мен қиындықтардан, қабылданып жатқан жайсыз шешімдерден басқа жаққа аударту. Ол үшін ақпарат кеңістігіне үздіксіз кішігірім келеңсіз жаңалықтармен толтыру. Назар аударту тәсілі азаматтарға заманауи философиялық ағымдардан, алдыңғы қатарлы ғылымнан, экономикадан, психологиядан, нейробиологиядан, кибернетикадан ақпар алдырмаудың тиімді жолы. Оның орнына ақпарат кеңістігіне спорт, шоу-бизнес, мистика, одан бөлек эротика мен порнографиямен толтырады, тек адамның назарын басты нәрседен аулақ етсе болғаны. Мылжың сериалдар мен тез пайда тапқысы келетін ойын-сауықтарды басты назарға шығарады.
«… елдің назарын әлеуметтік түйткілдерден аулақ етіп, еш мәні жоқ тақырыптарға аударту. Азаматтардың санасы үнемі маңызы жоқ бірдеңеге аусын, ойлауға уақыттары қалмасын, өрістен – қораға кірсін, хайуандардың бәріне сол тән» ( Н. Хомский. «Тихое оружие для спокойных войн»).
№2: түйткілдерді қолдан жасап, оны шешудің жолдарын ұсыну
Бұл тәсілді «түйткіл-реакция-шешім» деп те атайды. Белгілі бір жағдай туындайды, жергілікті тұрғындар арасында жайсыздық тудырады, сосын шара қолдану керек деген ұсыныс айтылады, осыны билік басындағылар ұтымды пайдалнады. Мысалы, қалада қылмысты көбейтіп, не терактілер ұйымдастырылады. Сонда тұрғындар алдын алу шарасын күшейтеді.
Немесе экономикалық, лаңкестік не техногендік дағдарыс жасайды. Ел арасында соның зардабын жою үшін шешім қабылдауға итермелейді. Әлеуметтің құқын қорғамайтын заңдар осылай қабылданады. «Қажетті қаталдық». Дағдарыс өздігінен тумайтынын біліп жүру керек.
№3 тәсіл: біртіндеп көндігу
Елге ұнамайтын заңды қабылдау үшін оны күн санап, жыл санап, біртіндеп енгізеді. Дәл осы тәсілмен өткен ғасырдың 80-90 жылдардағы жер-жаһандық жаңа әлеуметтік-экономикалық шарттылықтар енгізілді. Мемлекет билігін азайтып, жекешелендіруді көбейтіп, сенімсіздік, тұрақсыздықты көбейту, жұмыссыздықты қолдан жасау, өмір сүруге жетпейтін жалақы беру. Осының бәрі бір мезгілде боп кетсе, революцияға жеткізер еді.
№4 тәсіл: орындауды кейінге шегеру
Ұнамайтын шешімді өткізудің тағы бір амалы «өте қажетті, уақыты жеткен» заң ретінде ұсыну. Келешекте осылай жасау үшін бүгіннен азаматтардың келісімін алу. Себебі, бүгіннен гөрі келешектегі құрбандыққа келісі оңай. Біріншіден, ол бірден бола салмайды. Екіншіден, жалпы бұқара халық жақсылықтан дәмеленеді, «ертең бәрі өзгеріп кетуі ықтимал» дейді, өзінен талап етіп отырған құрбандықтан құтылып кету мүмкін деп болжайды. Бұл тұрғындарға өзгеріс туралы ойға үйренуге уақыт береді. Көндігіп кетеді.
№5 тәсіл: халыққа бала сияқты қарау
Жалпы халыққа арналған үгіт сөзде көбінде мәселе дұрыс жетілмей қалған балаға айтып түсіндіретіндей дәйектер, сөздер, дауыс ырғағы қолданылады. Неғұрлым тыңдарманын басқа жолға түсіргісі келген сайын ессіздікке жол береді. Неге? Егер біреу адамдарға 12 жасар балаға сөйлегендей сөйлесе, тыңдарманның тарапынан сол жастағы балаға тән болып, сын тағу қауіпі сирейді екен. Саяси топтың халық алдында сөйлейтін сөзінде осы тәсілдердің көпшілігі алдын ала қарастырылады.
№6 тәсіл: ойлаудан гөрі көңіл күйге екпін түсіру
Көңіл күйге әсер ету – нейролингвистикалық бағдарлаудың классикалық үлгісі. Бұл тәсіл адамдардың рационалды талдау жасауына кедергі келтіреді. Ақырында болып жатқан дүниені мүлде бағалай алмай қалатын топастыққа түседі. Бір жағынан көңіл күйді қолдану бейсанаға енуге жол ашады. Онда қорқыныш, үрей, тілек, қалау, қауіпті енгізеді. Лаңкестік не деген қорқынышты екенін, билік қандай әділетсіз, аш адамдар неткен көп. Ал бәрінің себебі кадрдан тыс қалады. Көңіл күйге еру – логиканың жауы.
№7 тәсіл: орташа өмірді насихаттап, халықты надан етіп ұстау
Халықты басқарып отырған тәсіл, әдістерді түсінбейтіндей, өз еркін пайдалана алмайтындай күйде ұстау. Төмендегі халықтың білім сапасы нашар, неғұрлым таяз, надандықтан шыға алмастай ғана болу. Сонда жоғарғы санаттағы адамдар мен төменгі санаттағылардың арасы жер мен көктей бола бермек. Төменгі санатты адамдарды басқару оңай.
№8 тәсіл: елді орташа болуға үгіттеу
Халыққа ақымақ, топас, тәрбиесіз болу ыңғайлы екенін үгіттеу. Бұл тәсіл алдыңғысымен қатар жүреді. Себебі, қазіргі әлемде әлеуметтік саланың әрбірі – діннен бастап өнер мен саясатқа дейін – жалпы бұқараға арналады.
Ұрыс-керіс, өсек, сиқыр, дуалау, мәнсіз әжуа, популистік акциялар – бұның бәрі бір мақсатқа қызмет етеді – ел-жұрт ойланбасын деген пиғылдан туады.
№9 тәсіл: жеке бастың күнәсін күшейту
Сенің бақытсыздығыңа сен ғана кінәлісің дегенге иландыру. Санаң жетпеді, қабілетің кемшін, ақшаң аз. Ақырында экономикалық жүйеге қарсы тұрудың орнына адам өзін өзі жоқ қылуға кіріседі. Бәріне өзін кінәлайды. Көңіл күйі түседі. Әрекетсіздікке ұрынады. Әрекетсіз революция болмайды. Саясаткерлер де, психотерапевтер де, діни қызметкерлер де пациенттерді күйзеліске түсіру үшін белгілі бір тиімді доктриналарды қолданады. Сол тәсілмен басқарады. Олардың әрекетін өзіне керекті бағытта жұмсайды.
№10 тәсіл: әр адам туралы оның өзі білгенінен де артық білу
Соңғы 50 жылда ғылымдағы жетістікке қарап билік басындағылар мен халықтың арасындағы білімнің арақатынасы қандай алшақ деңгейде екенін көрсетіп келеді.
Биология, нейробиология, психология – адам туралы алдыңғы қатарлы білімге қол жеткізді. Сол секілді физиология мен психика тұрғысында да жаңалық көп. Билік жүйесі адам болмысы туралы сол адамнан артық біледі. Сондықтан адамды өзінен гөрі жүйе қаттырақ басқарып, билеп-төстейді.
Аударған Шынар Әбілдә