Талғардағы той қанды қырғынға айналды: 20 жастағы жігітті 15 адам жабылып мерт қылған

Oinet.kz 22-04-2026

12 сәуірде Талғар ауданына қарасты Гүлдала ауылында үйлену тойдың соңы трагедияға айналған. Оқиғаға қатысы барлар Жаркенттен келген азаматтар, ал марқұм 20 жастағы Анвар Мусаев Алматы қаласынан барған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Orda.kz-ке сілтеме жасап. 

Screenshot_2.png

Ақпаратқа сәйкес, шабуылға шамамен 15 адам қатысқан. Мақұмның әпкесі Зифая Абдримнің айтуынша төбелес кезінде бауыры жалғыз болған.

«Қайғылы оқиға Талғар ауданы Гүлдала ауылында өткен үйлену тойында болған. Қылмысқа қатысы барлар Жаркенттен келген адамдар, ал менің бауырым Алматыдан барған еді. Оқиға 12 сәуір күні болған. Шабуыл жасағандар саны шамамен 15 адам болды. Үлкен төбелес болған, менің бауырым жалғыз болған. Олар оны ұрып жатқан кезде ол кенеттен құлап, ес-түссіз күйге түскен», - деді Зифая.

Оқиғадан кейін барлық қатысушылар жан-жаққа қашып кеткен. Қазір олардың бір бөлігі іс бойынша «бұзақылық» бабымен куәгер ретінде өтіп жатыр. Тек бір адам ғана қамауда отыр.

«Ильшат Тұрғанов оның тура жүрек тұсына үш рет пышақ сұққан. Бауырым оқиға орнында көз жұмды. Пышақты қылмыскерлердің біреуі алып келген. Барлығы жан-жаққа қашып кеткен, қазір олардың бір бөлігі «бұзақылық» бабы бойынша куәгер ретінде өтіп жатыр. Тек бір адам ғана қамауда отыр. Куәгерлердің айтуынша және қолда бар фотосуреттерге сәйкес, күдіктілердің бірі бастапқыда марқұммен жақындасуға тырысқан. Ол бірнеше рет жанына келіп, «бауырым, жүр ішейік», «бауырым, бірге суретке түсеміз» деп айтқан. Тіпті фотосуреттердің бірінде марқұм мен оны өлтірген адам құшақтасып, күліп тұрған сәті бейнеленген», - деді бауыры Зифая.

Зифаяның айтуынша пышақ салғанын мойындаған жалғыз күдікті — Ильшат Тұрғанов. Ол қазіргі уақытта қамауда отыр. Қалған қатысушылар еркіндікте, олардың нақты есімдері әзірге белгісіз.

«Бұл істі «бұзақылық» емес, суық қару қолдану арқылы топ болып жасалған қасақана кісі өлтіру ретінде саралауды талап етеміз. Мұндай бап бойынша жаза 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады»,- дейді Зифая.

Сонымен қатар, жақындарының айтуынша, күдікті Ильшат Тұрғанов бұған дейін де осындай сипаттағы әрекеттерге барған. Ол өз ортасында агрессивті мінезімен танылып, ауыл ішінде адамдарды қорқытып жүрген.

«Қақтығыстың басталуына марқұмның «мен саған бауыр емеспін, мені екінші рет көріп тұрсың, олай атама» деген сөзі себеп болған. Күдікті менің ағамды абыройлы беделді деп біліп, араласқысы келген. Той кезінде күдіктімен менің ағам суретке түскен. Олар өздерін Чулукае ауылында «ұйымдасқан қылмыстық топ» ретінде көрсетеді», - дейді туысы. 

Оқиға кезінде барлық тараптың ішімдік ішкені белгілі. Отбасы нұсқасы бойынша, күдікті бас тартуды қорлау ретінде қабылдап, ашуға берілген.  Туыстарының айтуынша, мұндай әрекеттер бұл топ үшін бұрыннан қайталанатын тәжірибе болған. Той барысында күдіктімен түскен суретін туыстары редакциямызға жолдады.

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 сәуір күні мейрамханалардың бірінде жанжал шығып, соның салдарынан жас жігіт көз жұмған.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында және уақтылы таратылған бағдарлардың арқасында 20 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды. Сонымен қатар бұзақылық фактісі бойынша тағы үш күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұған қоса, сот шешімімен екі адамға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ тағайындалды. Ал кәмелетке толмаған тұлғаға қатысты қылмыстық қудалау органы қоғамнан оқшаулауға байланысты емес бұлтартпау шарасын қолданды», — деп хабарлады полиция.

Басылым аталған оқиғаны назарында ұстайтынын жазды...

ЛГБТ-барының директоры А.Шайкежанов қызметкерін зорлап, АИТВ жұқтырғаны үшін сотталды
Павлодарда полицей қызметкері әйелдің денесін өртеп жіберген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу