ЛГБТ-барының директоры А.Шайкежанов қызметкерін зорлап, АИТВ жұқтырғаны үшін сотталды

Oinet.kz 22-04-2026

Алматыда ЛГБТ-барының директоры өз қызметкерін зорлады деген айыппен 5 жылға сотталды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_1.png

Сотта оның кінәсі дәлелденіп, жыныстық зорлық жасағаны үшін жаза тағайындалды. Ал қасақана АИТВ жұқтыру қаупін төндіргені бойынша жауапкершіліктен мерзімнің өтуіне байланысты босатты.

22 сәуір күні Алматы қаласының Медеу аудандық №2 сотында резонансты қылмыстық іс қаралып, үкім шықты. Сот шешімімен айыпталушы Қылмыстық кодекcтің 120-бап 1-бөлігі "Зорлау" және 118-бап 1-бөлігі "АИТВ жұқтыру қаупін қасақана төндіру" бойынша кінәлі деп танылды.

Сот оған орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу үшін 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар 118-бап бойынша айып дәлелденгенімен, мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Бұдан бөлек, сотталушы жәбірленушілерге өтемақы қорына 20 айлық есептік көрсеткіш (шамамен 86 мың теңге) көлемінде төлем жасауға міндеттелді. Оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылды.

Сот тараптарға үкімге 15 тәулік ішінде шағымдану құқығы бар екенін түсіндірді. Қазір үкім заңды күшіне енген жоқ.

Алматы қалалық сотының мәліметінше, қылмыс 2025 жылдың наурыз айында болған. Тергеу барысында айыпталушы қызметкерін белгісіз психотроптық зат қолдануға көндіріп, оны дәрменсіз күйге түсіргені анықталған. Осы жағдайды пайдаланып, оның еркінен тыс жыныстық әрекет жасаған.

"Сотта айыпталушының кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, іс материалдарымен және бейнежазбалармен дәлелденгені айтылды. Жаза тағайындау кезінде жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар анықталмаған", – делінген хабарламада.

Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. 2025 жылдың наурыз айының соңында әлеуметтік желіде жарияланған бейнеүндеу себеп болды. Онда өзін Е деп таныстырған қызметкер түнгі ауысымнан кейін бардың қызметтік бөлмесінде зорланғанын мәлімдеген. Жәбірленушінің айтуынша, айыпталушы жыныстық қатынасқа оның келісімінсіз түскен және қорғану құралдарын қолданбаған. Сонымен қатар ол өзінің АИТВ жұқтырғанын біле тұра әрекет еткенін айтқан. Ал сотталушы зорлау фактісін мойындамай, жыныстық қатынас өзара келісіммен болғанын алға тартқан.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда ЛГБТ-белсенді Амир Шайкежанов 2025 жылдың жазында өз қызметкерін зорлады және ВИЧ жұқтырды деген айыппен ұсталып, қамауға алынған еді. Іс әлеуметтік желіде жәбірленушінің видеоүндеуінен кейін кең резонанс тудырған. Кейін оған қатысты Қылмыстық кодекстің "зорлау" және "АИТВ жұқтыру қаупіне әдейі ұшырату" баптары бойынша іс қозғалған.

«Мұғалімдерді қорлаған»: Қостанайда оқушылардың флешмобы буллинг дауына ұласты
Талғардағы той қанды қырғынға айналды: 20 жастағы жігітті 15 адам жабылып мерт қылған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу