«Мұғалімдерді қорлаған»: Қостанайда оқушылардың флешмобы буллинг дауына ұласты
Қостанай облысына қарасты Лисаковск қаласында мектеп оқушылары флешмоб өткізіп, мұғалімдердің намысына тиетін бейнероликті желіге жүктеген, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Педагогтер бұл әрекетті буллинг деп қабылдаған.
Аталған видео жергілікті білім бөлімі мен құқық қорғау органдарының назарын аударды. Қазіргі таңда оқиғаға қатысы бар барлық тұлғаларды анықтау бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қостанай облыстық білім басқармасы бұл жағдайдың этикалық талаптарға қайшы келетінін атап өтіп, оның заң аясында жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін мәлімдеді.
– Бұл іске үш мектептің әкімшілігі, білім бөлімі және қалалық полиция бөлімі жұмылдырылды, – деді қалалық білім бөлімінің жетекшісі Елена Бурдыка.
Әрбір тіркелген дерекке құқықтық тұрғыдан баға беріліп, заңнамаға сәйкес қажетті шаралар қабылданады.
Тек бейнероликті түсіріп, оны таратқан адамдар ғана емес, оған қатысқан жасөспірімдердің өздері де жауапкершілікке тартылуы ықтимал.
Сонымен қатар, жеке деректер мен фотосуреттерді рұқсатсыз пайдаланып, интернетте қорлау фактілері үшін кәмелетке толмағандардың өздерімен бірге олардың заңды өкілдеріне де жауапкершілік жүктеледі.
Мамандардың айтуынша, кез келген азамат, оның ішінде мұғалімдер де, мұндай материалдарды өшіруді талап етуге және өз құқықтарын қорғау үшін тиісті органдарға жүгінуге толық құқылы


