Павлодарда полицей қызметкері әйелдің денесін өртеп жіберген

Oinet.kz 22-04-2026

Ақсу қаласының маңайында өртеkген әйел адамдың денесі табылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_3.png

Павлодар облысында ферроқорытынды зауытынан Ақсу қаласына 3 шақырым жерде белгісіз әйел адамның денесі табылды. Полиция департаментінің мәліметінше, аталған іске күдікті ретінде полиция қызметкері айыпталып отыр.

«Ақсу қаласының маңайында болған әйел өліміне қатысты іс қозғалды. Полиция қызметкері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», - деп жауап берді полиция департаменті. 

Айта кетейік, бейнероликте әйелдің денесі түгелдей дерлік жанып кеткен. Кей ресми емес БАҚ әйел әуелі зорланған болуы мүмкін деп болжап отыр.

Талғардағы той қанды қырғынға айналды: 20 жастағы жігітті 15 адам жабылып мерт қылған
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу