Шавкат Мирзиёев Орталық Азия наркологтарының қауымдастығын құруды ұсынды

Oinet.kz 21-04-2026

Өзбекстанда 2025 жылы құқық қорғау органдары 3,5 тоннаға жуық есірткіні тәркіледі. Бұл туралы Шавкат Мирзиёев «Қоғам денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін трансұлттық есірткі қатерлеріне қарсы іс-қимыл» халықаралық форумының қатысушыларына жолдаған хатында мәлімдеді деп жазады Оinet.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

image.png

Президенттің айтуынша, соңғы жылдары елде есірткі қылмыстарын анықтау көрсеткіші 2,5 есеге өссе, тәркіленген тыйым салынған заттардың көлемі екі есе артқан. Өткен жылы 15 мыңнан астам есірткіге қатысты құқық бұзушылық әшкереленіп, 14 жасырын зертхана мен 72 ірі интернет-дүкеннің қызметі тоқтатылған.

Мемлекет басшысы есірткі қылмысына қарсы күресті күшейту үшін бірқатар бастама көтерді. Атап айтқанда, ол мүдделі елдердің құқық қорғау органдары арасында деректер алмасуды жеделдету мақсатында бірыңғай цифрлық платформа құруды ұсынды.

Сонымен қатар синтетикалық есірткіге тәуелді адамдарды емдеудің заманауи тәсілдерін бірлесіп әзірлеу үшін тұрақты диалог алаңын қалыптастыру қажеттігі айтылды. Осы бағытта Орталық Азия елдерінің наркологтарын біріктіретін қауымдастық құру ұсынылып отыр. Оның бас кеңсесін Самарқанд қаласында орналастыру жоспарлануда.

Айта кетейік, аталған халықаралық форум осы күндері Самарқандта өтіп жатыр. Ал биылғы жылдың алғашқы екі айында ғана Өзбекстанда 8 есірткі зертханасы анықталып, 375 келі заңсыз зат тәркіленген.

Бұған дейін аймақтағы есірткі трафигі мәселесі де көтерілген болатын. Ресми деректерге сәйкес, Орталық Азия арқылы жыл сайын шамамен 90 тоннаға жуық героин өтеді.

Рамзан Қадыровтың ұлы тағы да марапат алды
«Түркі әлемінен бір дәуір кетті». Садыр Жапаров Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу