Шымкент көшелерінде патрульдер көбейді

Oinet.kz 21-04-2026

Шымкент көшелерінде соңғы күндері полиция патрульдерінің күрт көбеюі тұрғындар арасында түрлі болжам тудырды. Әлеуметтік желілерде тараған жазбаларда қалада полиция экипаждары жиілеп, тіпті көлік базарларында жүргізушілер қажетті құрал-жабдықтарды жаппай сатып алып жатқаны айтылған.

image.png

Алайда бұл жағдайдың нақты себебі белгілі болды. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 19–26 сәуір аралығында Шымкентте «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Осыған байланысты қалаға Қарағанды, Қызылорда және Жамбыл облыстарынан қосымша полиция күштері тартылған.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, шараның мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және құқық бұзушылық деңгейін төмендету. Мұндай тәжірибе елімізде бұрыннан қолданылып келеді және патрульдеу тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ресми дерекке сәйкес, іс-шараның алғашқы күнінде-ақ 1561 жол ережесін бұзу фактісі тіркелген. Оның ішінде 117 жүргізуші рөлде отырып телефон қолданған, 18 адам жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарған, ал 3 дерек мас күйінде көлік жүргізу бойынша анықталған.

Сонымен қатар рейд барысында 72 автокөлік айып тұрағына қойылып, құқық бұзған жүргізушілерге қатысты әкімшілік шаралар қабылданған.


Аида Балаева Мұхтар Шаханов неге Арыстан баб кесенесінің аумағына жерленбейтінін түсіндірді
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу