Қарин Президентке екі апта сайын есеп береді
Қазақстан Президенті Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясында сөйлеген сөзінде Конституцияның мазмұнын халыққа түсіндіру және оны кеңінен насихаттау жұмысының маңызына тоқталды.
Мемлекет басшысы бұл жұмыстың аса жауапты міндет екенін атап өтіп, оны жүйелі әрі байыпты тәсілмен жүргізу қажеттігін айтты.
«Азаматтарға Конституцияны түсіндіру және оның мазмұнын насихаттау жұмысы – байыпты көзқарасты талап ететін аса жауапты міндет. Бұл саяси маңызы зор жұмысқа терең білімі мен тәжірибесі бар азаматтарды, ең алдымен, заңгерлерді, ғалымдарды, оқытушыларды, волонтерлерді, кәсіпкерлерді, ардагерлерді және мемлекет қайраткерлерін тарту қажет», – деді Президент.
Мемлекет басшысы осыған байланысты Президент Әкімшілігі Конституция нормаларын іске асыруға арналған ауқымды әрі жүйелі алаң қалыптастыруы керектігін атап өтті.
Сонымен қатар бұл бағыттағы жұмыстың орындалуын бақылау міндетін Президенттің орынбасары Ерлан Тыныбайұлы Каринге жүктеді.
«Осы міндеттің орындалуын бақылау Вице-Президент Ерлан Тыныбайұлы Каринге жүктеледі. Ол атқарылған жұмыстардың барысы туралы екі апта сайын тікелей Президент алдында есеп беріп отырады», – деді Мемлекет басшысы.
Осылайша, Конституцияны түсіндіру және оның мазмұнын қоғамға кеңінен жеткізу жұмысы жүйелі түрде ұйымдастырылып, оның орындалу барысы тұрақты бақылауда болады.


