Шымкент әкімдігі: Стадион салынған жердің мақсаты өзгертілген жоқ

Oinet.kz 18-09-2026

4e49df0a8645ad93b5c4e1212f337f483b76f8bc705a81b7658ae392b2996fac_1280x720.jpg 

Шымкент қаласының әкімдігі әлеуметтік желіде Шымкенттегі жаңа стадион құрылысына берілген жер телімдеріне қатысты жазылған пікірлерге жауап берді.

Онды былай деп жазылған:

2024 жылдан бастап Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, 223 орамда орналасқан жер учаскелерін футбол стадионын салу мақсатында мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы Шымкент қаласы әкімдігінің қаулылары қабылданып, 190 жер учаскесі мемлекет иелігіне алынды. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 67-бабы 2-тармағына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінің, сондай-ақ жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүліктің құны жер учаскесіне құқықтардың туындау негіздеріне қарамастан, олардың нарықтық құны мөлшерінде айқындалады. Нарықтық ұсыныстарға сәйкес, жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерінің құны: алаңы 0,1130 га жер учаскесі – 25 000 000 теңге, 0,0800 га – 18 000 000 теңге болып көрсетілген, жер учаскесінің 1 м² құны 22 123 теңгені құрайды. Сонымен қатар, тәуелсіз бағалау компаниясы ұсынған бағалау есептеріне сәйкес жер учаскесінің 1 м² құны 17 501 теңге деп айқындалған. Яғни, алаңы 0,0800 га жер учаскесі 14 000 920 теңгеге бағаланған.Мемлекет мұқтажына қайтарылған 21 га (оның ішінде 5 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер) және мемлекет меншігіндегі 5 га жер учаскелері, жалпы алаңы 26 га жер учаскесінің нысаналы мақсаты «Стадион құрылысы үшін» болып айқындалып, Құрылыс басқармасының балансына берілді. Жер учаскелерінің бастапқы құқықтық мәртебесі бастапқыда, Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы әкімінің 2006 жылғы 15 мамырдағы №620 қаулысымен жалпы алаңы 40 га жер учаскесі шаруа қожалығын жүргізу мақсатында пайдалануға берілген. Кейіннен, осы жер учаскесінің ішінен 14,70 га бөлігі Сайрам ауданы әкімінің 2007 жылғы 29 қарашадағы №2393 қаулысымен нысаналы мақсаты «сауда қатары, дүкен құрылысы, өндірістік база, әкімшілік ғимараттарды, қойма және жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін» деп өзгертілген. 2013 жылы Шымкент қаласының аумағына енгеннен кейін аталған жер учаскелерінің нысаналы мақсаты мүлдем өзгертілген жоқ.

 


Тоқаев неге Балаеваға таңдау жасады?
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу