Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды – Тоқаев

Oinet.kz 22-04-2026

Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды. Бұл туралы Өңірлік экологиялық саммитте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт айтты. 

 image.png

– Сонымен қатар еліміз Каспий теңізінің тағдырына да алаңдайды. Теңіз айдынын қорғау – аймақта экологиялық тепе-теңдік пен биоалуантүрлілікті сақтау, орнықты дамуды қамтамасыз ету тұрғысынан айрықша маңызды. Осы орайда Қазақстан Каспий теңізінің тартылуына жол бермеу үшін мемлекетаралық бағдарлама қабылдау жөнінде бастама көтерді, Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институтын құруға ұйытқы болды. Аталған мекеме өңірлік деңгейдегі ғылыми ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді. Барша мүдделі халықаралық тараптарды табиғаттың осынау асыл қазынасын сақтау жолында күш-жігер біріктіруге шақырамыз. Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды. Оған қатаң тыйым салынуға тиіс, - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бірнеше елдің Президенті қатысып жатқан Өңірлік экологиялық саммит «Орнықты болашаққа ортақ көзқарас» тақырыбына арналды. 

Мәслихаттар жұмысы енді тікелей эфирде көрсетіледі
Асхат Аймағамбетов білім бюджетін облыстан ауданға қайтаруға қарсылық білдірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу