Бас бостандығынан айырылған Хамитов рингке қайта оралуы мүмкін
Белгілі аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов рингке қайта оралуы мүмкін, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Спортшы Instagram парақшасындағы Stories-те Naiza Fighter Championship промоушенінің президенті Нұрбек Қарабаламен түскен суретін жариялаған.
- Бір нәрсе жоспарланған сияқты, - деп жазды ол.
Файтер осы сөзі арқылы алдағы уақытта рингке шығу мүмкін екенін білдіретін сыңай танытты.
- Мен ешқандай команданың атынан шықпаймын, мен Қазақстанның атынан шығамын! - деді Қуат Хамитов.
Еске сала кетейік, "Найман" лақап атымен танылған Қуат Хамитов жақында ғана 6 айға бас бостандығынан шеттетілген болатын.