Мәжіліс төрағасы вакцина салдырмайды

Oinet.kz 04-02-2021 830

Мәжіліс депутаттары Зарина Камасова және Ғалымжан Елеуов бүгін коронавирус инфекциясына қарсы екпе жасады деп хабарлайды Oinet.kz . Мәжілістің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мәжіліс депутаттары вакцинаның бастапқы кезеңінен өздерінің медициналық әріптестерімен қатар алғашқылардың бірі болып өтті. Олар VII шақырылымдағы Мәжіліс депутаттары болып сайланғанға дейін індетпен күрес шеңберінде аймақтарда медициналық мекемелерде жұмыс істеп, халыққа қажетті көмек көрсетті. Депутаттар жаппай вакцинациялау ұжымдық иммунитетті тез қалыптастыруға және қазақстандықтардың өмірін қалыпты жағдайға келтіруге мүмкіндік беретініне сенім білдірді. 

- Дәрігер ретінде мен қазір жаппай вакцинациялау ғана коронавирустың таралуына қарсы тұра алатындығын жақсы түсінемін. Әрине, бұл әр адамның еркі. Мен нақты шешім қабылдадым: екпе жасатамын. Өйткені, ол менің де,  туыстарым мен достарымның да денсаулығы осыған байланысты, - деді Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуов. 

Сонымен қатар, депутаттар екпе енгізілгеннен кейін денсаулықтарының бірқалыпты екендіктерін айтты. Қалған депутаттарды вакцинациялау наурыз айында Денсаулық сақтау министрлігінің кестесіне сәйкес жүргізіледі.

 Ал, Мәжіліс Төрағасына қатысты айтар болсақ, Нұрлан Нығматулин осыған дейін коронавирус инфекциясымен ауырғандықтан, жеткілікті антиденелер бар. Осыған сәйкес, екпе салдыруды қажет ететін медициналық көрсеткіштері жоқ.


Бас бостандығынан айырылған Хамитов рингке қайта оралуы мүмкін
COVID вакцинасы «харам» емес пе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу