Оңбай таяқ жеген Қуат Хамитов Тоқаевқа ащы шындық жолдады
Жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгініп, полиция қызметкерлерінің бейберекет әрекетін шектеуді сұрады.
«Бүгін президентке жүгініп, одан елде болып жатқан бейберекет әрекеттердің тоқтауын сұраймын. Нақты нені? Коменданттық сағатты және «терроризм» дегенмен күресті. Себебі мен халықтың ішінде террористердің жоқтығын білемін. Қазір еркіндік алған құқық қорғаушылар шектен шығып кетті. Олар митингтерге қатыспаған адамдарды алып кетеді, оларды сабайды, еш түсіндірмейді. Жасамаған қылмысын мойындатады. Білемін, онда түскендер қаласа да, қаламаса да мойнына барлығын ала береді. Сондықтан президенттен осы жағдайды тоқтатуды сұраймын», - дейді ол.
Еске сала кетейік, Қуат Хамитов Алматыдағы дүрбелеңнен соң қамалған болатын. Желілерде тараған фотоларға қарап, оның бетіндегі соққы іздерінен қарулы күштерден таяқ жегенін аңғаруға болады. Бұны спортшының өзі де жасырмады.