Қазақстанда ерекше қажеттігі бар адамдар үшін пойыздарға арнайы вагондар қосылады

Oinet.kz 21-04-2026

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Қазақстанда ерекше қажеттігі бар адамдар үшін пойыздарға арнайы вагондар қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_4.png

Министрдің айтуынша, инклюзивті саясат концепциясын жүзеге асыру аясында негізгі үш бағыт, яғни инфрақұрылым, көлік және қызмет көрсету бойынша жұмыс жүріп жатыр.

“Теміржол көлігі саласында поездардың 90%-ында арнайы көтергіштері және купелері бар. 2030 жылға қарай әрбір поезда бір арнайы вагон болады. Вокзалдарды реконструкциялау шеңберінде пандустар, лифтілер, кассалық және санитарлық аймақтарды қайта жабдықтау көзделген. Ал билеттерге 50% жеңілдік қарастырылған. Осы жылдың сәуір айынан бастап онлайн рәсімдеу функциясы іске қосылды”, – деді министр.

Министрдің айтуынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша 580 мың мүгедектігі бар жолаушы тасымалданды.

Әуе көлігі саласында да жағдай жақсарып келеді. Қазақстан әуежайларында мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету үшін бар жағдай жасалған. Бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасады.

“10 әуежайда мүгедектерге қызмет көрсету үшін 13 амбулифт бар. Биыл жылдың соңына дейін тағы 5 әуежайда (Шымкент, Семей, Ақтау, Орал, Талдықорған, Жезқазған) амбулифт қойылады”, – деді министр.

Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, әуе компаниялар корпоративтік бағдарламалар бойынша билеттерге жеңілдіктер береді (ерікті негізде)

“2025 жылдың қорытындысы бойынша 9 мыңнан аса мүгедектігі бар жолаушы тасымалданды. I топ – 3 596 адам, II топ – 1 472 адам, мүгедек балалар – 4 843 адам”, – деді министр. 

Оған қоса автокөлік саласында да оң өзгеріс бар.

“Қолжетімділік талаптарына автовокзалдар мен автостанциялардың 78%-ы, ал қалалық автобустардың 79%-ы сәйкес келеді. Инватакиси жүйесі біртіндеп дамып жатыр. Көлік саны 39% өсіп, 1426-ға жетті”, – деді министр.

Жоба 23 сәуірге дейін ашық нормативтік құқықтық актілер порталында жарияланған.

Астанада төрт тонна қауіпті сұйықтық құйылған 200 канистр табылды
Алматыда халық Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу