Қазақ боксының ақыл-ойы
23-01-2024
Байқайсыздар ма, соңғы кездері боғауыз араластырып пост жазу, сәнге айналып барады.
Көшедегі адамдар емес, көзі ашық, көкірегі ояу дейтін азаматтар, орыстың "кәкәй" сөздерінсіз ой жеткізе алмайтын деңгейге жеткен.
Баяғыда Мәскеуге барғанда байқағам. Олар отырған жерінде, автобуста, метрода әр сөзін солай боқтықпен көмкеріп отырады екен. Быдлолығы ғой дегенде қойғанмын. Енді араға жылдар салып, сол әдет бізге де жеткен сияқты.
Не деуге болады? Ақыры боқтайды екенсіңдер, тек қазақша боқтаңдаршы, қарақтар. Құдайға шүкір, бар ғой бізде де небір сөздер)
Бахтияр Хамит
Фейсбуктегі парақшасынан