"Барыс" ойыншыларына 400 миллионның үстінде жылақы төленеді

Oinet.kz 21-06-2022 819

Белгілі журналист Мақсат Толықбай «Барыс» хоккей клубының ойыншылары жоғары жалақы алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі «Адырна» порталына сілтеме тастап.

Screenshot_6.jpg

Айтуынша, команданы «Самұрық Қазына» қоры қаржыландырады.

«Қымбатшылық қысып, елдің экономикасы тұралап тұрғанда «Барыс» хоккей клубы ойыншыларымен «ерекше» келісімшарт жасасып жатыр. «Самұрық Қазына» қоры Үкіметке қарайды. Яғни, ондағы қаржының сұрауы болуы керек!

Мәселе мынада. «Барыс» Никита Михайлис деген ойыншыға жылына 401 миллион теңге төлейміз деп шешім қабылдапты. Өткен аптада әріптестер бұл мәселені көтерді. «Барыс» та, «Самұрық Қазына» да үнсіз. Бұл аздай, енді Линдей Вей деген шетелдік ойыншыға бір жылдық шарт ұсынып, қазіргі (рубль – теңге ) курсымен 481 миллион теңге жалақы төлемекші.

Айналайындар-ау, айына 40 миллион теңге жалақы ұсынатындай, ол қыруар қаржыны демеуші өз қалтасынан шығарып отыр ма?

Кәсіби клубтарды қаржыландыруды тоқтату керек! Одан да ол ақша бұқаралық спортты дамытуға жұмсалсын»,— деді ол.

Қостанайда бүтін бір отбасы өрттен қаза тапты
Ақыры боқтайды екенсіңдер, тек қазақша боқтаңдаршы, қарақтар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу