Жел сөз бе, жөн сөз бе?

Oinet.kz 04-09-2008 1122

894f64331897db10c850d01906931700.jpg

10.12.2005 жылы «Нұр-Өмір» корпорациясы Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында құрылды. Оның мақсаты мемлекеттің 30.06.2005 жылы №634-ші қаулысының негізінде Вице-министр А. Евниевтің 07.02.2006 жылғы жіберілген хатының негізінде осы бау-бақша егіп, жетілдіру бағдарламасын бастап кеттік.

          18.01.2006 жылғы біздің корпорацияға тиесілі 1137 гектар жерге жүзім бау егіп дамытуға 5 миллиард 780 мың теңге республикалық бюджетке ендірілді. Сол қаражатты осы уақытқа дейін ала алмай жүрміз.

         06.06.2006 жылы біздің сұрануымыз бойынша Елбасы Н.Ә.Назарбаев агрохимия топырақтану факультетінің маманын дайындауға 50 балаға грант бөлген. 10.09/2006 жылы ауылшаруашылық министрі А. Есімов өз қолымен облыс әкімінің бірінші орынбасары Әбішевке табыс етті. Осы күнге дейін балаларымыз сол грантты ала алмай жүр.

         Облыс әкімінің бірінші орынбасары И. Әбішев пен ауылшаруашылық департаментінің директоры Қ. Алдабергенов 5 жылға әр жылына 140000 теңгеден бөлінген 50грантты (28000000 теңгені) қай жаққа жайғастырғанын білмейміз.

        Корпорацияның күзде егілетін 1000 гектардың көшетіне Өзбекстан Республикасымен жасалған шарттың негізінде толық қаражат төлеуге мұқтажбыз.

        ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 15 ақпандағы №113-ші қаулысына «Товар өндіруші – мемлекет» бау-бақша жүзімдік өсіріп өндіруге мемлекет бағдарламасын орындап шығып, Елбасы Н.Назарбаевқа, Үкімет басшысы К. Максимовке, ауылшаруашылық министрі А.Есімовке есеп берілді.

       Қазіргі кезде ОҚО ауылшаруашылық департаменті біздің «Нұр-Өмір» корпорациясының Қазақстан мемлекетінің Заңына сәйкес Өзбекстан Республикасымен жасалынған шартының негізінде 512 миллион теңгені таратып отыр, өздерінің құжаттары заңсыз. Біз Сізге олардың құжаттарының көшірмесін беріп отырмыз. «Нұр-Өмір» корпорациясының құжаттарын облыстық аймақтық басқармасының бастығы С. Тұрбековке 29.04.07 жылы тапсырғанбыз. Олар бізден үкімет басы сұрады деп алған.

       Осы Қазақстан мемлекетінің Заңдарына қарама-қайшылық жасап отырған ОҚО әкімінің бірінші орынбасары осы топтың көш басшысы И. Әбішев мырза Қазақстан мемлекетінің бюджеттік болжау министрлігінен Б. Сапарбаев мырза, оның туған бажасы ОҚО Ауыл шаруашылық Департаментінің бастығы Қ. Алдабергенов мырза, оның ағайыны әрі орынбасары Қ. Оспанбеков, Шымкент университетінің ректоры осылардың айтқанынан аса алмайтын А. Байбөлек мырза.

     Осы жоғарыда айтылып кеткен мырзалар Ел басы Н. Әбішұлының бірде-бір саясатын орындамай өз құлқынымен қалтасын ойлайтындығы үшін Заң алдында өз жазаларын алады деп сенеміз.

"Рейтинг" газеті

Миллионның мұңы. Депуттар не дейді?
Кәрім Мәсімовтің әкесі мәселені шиеленістіріп тұр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу