Шөкеевтің орынбасарларын «Жаңа Қазақстан» жарылқаған жоқ

Oinet.kz 03-05-2023 693

Түркістан облыстық әкімдігіне енді облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбайдың қызметінен кеткенін ресми түрде жариялау ғана қалып тұр. Кейбір ақпарат құралдары Жетпісбайды қызметінен кетіріп де қойды.

Screenshot_8.jpg

Тіпті ғаламторда облыс әкімі Дархан Сатыбалдының Арман Шәріпбайұлын атқарып отырған лауазымынан босату жөніндегі өкімі де жарияланды. Осы өкімге қарағанда Жетпісбайды босатуға Президент әкімшілігінің келісімі 7 сәуірде алынып қойылған. Бірінші орынбасардың өзі 24 сәуірден бастап атқарып отырған лауазамынан босатылған. Одан бергі аралықта 10 күн өтті. Ендігі мәселе -бірінші орынбасардың орны кімге бұйырады? 

Осылайша былтыр тамызда отставкіге кеткен облыстың бұрынғы басшысы Өмірзақ Шөкеевтің орынбасарларының соңғысы Арман Жетпісбай да Түркістанды тастап кетті. Ол бұл орынға 2020 жылдың тамызында, марқұм Қосман Айтмұхаметовтың орнына тағайындалған болатын.

Жалпы, бір кездері қызметтік карьерасы бас бармақпен, тек жетістіктермен бағаланып жүрген, тіпті «ерте ме, кеш пе, премьер-министр болады» деген Шөкеевті «Жаңа Қазақстан» жарылқаған жоқ. Оның қызметтік жолы шорт үзілді. Экс-әкімнің қазір қайда жүргені белгісіз. Ол тек қайбір жолы Тоқаевтың Ташкентке жасаған сапарында, оның алдын Алматыдағы гольф клубта төбе көрсетті. «Түйені жел шайқаса, ешкіні көктен ізде» дегендей, Шөкевтің бұрынғы орынбасарларының карьерасы да шолақ қайырылды.  Ұлан Тәжібаевтың дәл қазір не тірлік істеп жүргені белгісіз.  Сәкен Қалқамановтың жайын, оның төңірегіндегі қылмыстық істерге қатысты мәселенің шет жағасын біз бұған дейін де жазғанбыз. Арман Жетпісбай да Түркістаннан тып-тыныш кетсе, жаман емес. Кейінгі кездері оның соңынан да түрлі қауесеттердің еріп жүргені рас. 

«Рейтинг» газеті

Сатыбалды Тілеуұлының туғанына - 140 жыл
Дауылбаев дауды өршітпей ме?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу