Өртті бірінші болып байқап сөндірген облыс әкімінің әрекеті елдің күлкісін келтірді (видео)

Oinet.kz 23-06-2023 7448

Желіде Ақмола облысының әкімі Ермек Маржикпаев өрт сөндірген видеосы тарады. Видеода облыс әкімі тікұшақпен ұшып бара жатып, енді басталған орман өртін байқап қалады. Дереу тікұшақтан түсіп, өртті жалаң қолмен сөндіреді. Сосын орманға жауапты азаматтарды шақырып алып, оларға "өртті біз байқап қалғанымыз жақсы болды. Сендер нашар жұмыс істейсіңдер" деп ескерту жасайды. 

Screenshot_2.jpg

Видеоны желі қолданушысы Алмас Тоқабаев өзінің Фейсбук парақшасында жариялады. 

"Елестетші. Ауыр музыка. Ұшып келе жатқан вертолет дауысы. Алаңдап алақандай терезеден қарап отырған жігіт ағасы. Кенет түтінді көздері шалады. Музыка бір бәле барын сездіргендей жанды жеп барады. Оқиға қауіпті екенін ішің сезеді. Вертолет қона сала топ адам түтінге жалаңқол кіріп кетеді. Батырлар. Оттың тілі жалаңдап тұр. 

Жо, жоқ, бұл Шварценеггер түскен боевик емес. Тіпті Сталлоне де емес. Тіпті Жан Байжанбаевқа да ұқсамайды. Бұл Ақмола облысының әкімі. Жалаң қолмен орманды құтқарып қалған. Респект!

Тек келесі фильм түсірерде арамен кесілген бөрене емес, өзі құлаған ағашты өртеген дұрыс. Сондықтан реквизиторға екі. Жалпы былай қарасаң қазақ киноларынан көп тәуір шыққан бекер обалы не керек", - деп жазды желі қолданушысы. 

Ал видеоны көрген көпшілік күлкілерін тия алмағандардын хабарлады. 

"Қойылым керемет сәтті әрі әсерлі шыққан", "Бұлар веник ұстап моншаға бара жатып, жолай орманға соққан ба?", "Бәрінен де сөз естіп тұрған жұмысшыға обал болды. Қолдан батыр жасау жолында құрбандығы болып тұрған", "Өртеніп жатқан тұста вертолет қонатын жер де бар екен. Мобилографтың тірлігі ұят, бәрі өрт сөндіріп жатқанда видеоға түсіріп жүрген", "Өләә, соңындағы сөзін тыңдамағанда просто оқу-жаттығу шығар деп ойлап отқам)) хорошо что біз көріп қалып қондық дей ма? мамммааа, не могу", "Өлдім күлкіден", - деп жазды оқырмандар.

Как получить мгновенный кредит на карту
Танымал әнші ұлдар мен қыздар бөлек ұйықтайтын халал балабақша ашты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу