Экология министрі Зүлфия Сүлейменова әкесінің сотты болғанын растады

Oinet.kz 19-06-2023 1721

Мәжіліс кулуарында экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова әкесінің сотты болғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Screenshot_29.jpg

Абай облысындағы қайғылы оқиғадан кейін министр Зүлфия Сүлейменоваға сын тағылды. Оған қоса әлеуметтік желіде Экология министрінің әкесінің бұрын сотталғандығы туралы ақпарат жария болды.

Сот кабинетінде жас министрдің әкесі Болат Сүлейменовке қатысты үкім бар. 2011 жылы ол "ірі мөлшерде жасалған ұрлық жасағаны” үшін кінәлі деп танылды. Болат Сүлейменовке жалпы режимдегі түзеу колониясында төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілген. Сондай-ақ, мүлкі тәркіленіп, "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ пайдасына екі миллион теңгеден астам қаражат өндірілген. Зүлфия Сүлейменова әкесінің сотты болғанын растайтынын айтты. 

“Әкеме қатысты іс болғаны рас, соттылығы өтелді. Мен бұл фактіні жасырған емеспін, мемлекеттік қызметке орналасқанда, құжаттарымда көрсеттім", - деді Сүлейменова

Сондай-ақ Зүлфия Сүлейменова Абай облысындағы жағдай үшін жауапкершілік алатынын айтты. 

"Менің ойымша, бұл менің жетекшілік ететін блок және менің жетекшілік ететін министрлігім. Менің департаментімнің құрамына кіретін кез келген блок үшін қандай да бір жолмен басшы ретінде жауап беремін. Мен өз жауапкершілігімнен қашпаймын. Айтқанымдай, біз тергеушілермен ынтымақтастық орнататын боламыз", - деп жауап берді министр.

Осыған дейін Абай облысындағы өртке қатысты Ильин, Сүлейменова және Ахметовтерден жауап алынуы мүмкін екені белгілі болған.

Водные виды спорта: новый виток развития в Абайской области
Выращиваем укроп дома на подоконнике: когда сажать, как поливать и чем удобрять?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу