Домбыра маусымы басталды

Oinet.kz 12-04-2024 282

А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында "Бастаңғы: Домбыра думан" жобасы басталды. Бұл жоба алдағы уақытта дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын болады. 

Screenshot_5.jpg

Халқымыздың көзінің қарашығындай сақтаған мұрасын ардақтау - әр қазақтың парызы десек те болар. Осы мақсатта дәстүрлі жоба көпшілікке ұсынылды. Бұдан бұлай құнды жоба апта сайын немесе ай сайын күйшілер мен жыршылардың қатысуымен жалғасып отырады. 

- Тәуелсіздік алғаннан бері қоғамда "Ояну" процесі жүруде. Осы күнге дейін ұмыт болған, дәл қазір бізге таңсық дүниелер дүниетаным, сау санамызда қайта жаңғырып жатыр. Оның ішінде ұлттық музыка өнері де менмұндалай төбе көрсетіп келеді. 

Қазір дәстүрлі ән өнері белгілі бір деңгейде ел ішінде насихатталып келеді. Алайда, күй өнері кенжелеп қалуда. Күй деген - симфония, нюкторн. Өз тілімізде айтар болсақ, Бетховен, Шуберт, Шопен, Чайковский - Құрманғазы сияқты күйші-композиторлар. Ал, Құрманғазының олардан ең айырмашылығы жоқ. Дегенмен, біздің қоғамның басым бөлігі Құрманғазыдан гөрі жоғарыда аталған шетелдік композиторларды жақсы таниды. Осы тұста бізге не істемек керек? Бізге дәл осындай жобаларды жиі ұйымдастырып, халықтың назарына ұсыну керек. Сонда ғана ұлттық музыка өз құнын жоғалтпайды, - дейді А. Пушкин кітапханасының қызметкері, ақын Сүндет Сейітов. 

Screenshot_4.jpg

Домбырадан бөлек, жүз түрлі ұлттық аспаптар бар. Қобыз, шертер, жетіген, асатаяқ, сазсырнай, сыбызғы сынды музыкалық шертпелі һәм үрмелі аспаптар - халқымыздың ежелден келе жатқан қадірлі мұрасы. 

Осы кеште Шымкент қалалық Оқушылар сарайының оқушылары мен музыкалық "Саз" колледжінің студенттері өнер көрсетіп, дәстүрлі жобаның көркін ашты. Күй шертіліп, халық әндері орындалып, өнер сүйер жұрттың басын қосты. Осы қарқынмен жоба жалғасын тапса, ұлттық өнердің дамуы да тежелмек емес.

Ақын Салтанат Мадиярқызының «Маған әдемі адамдар ұнайды» поэзия кеші өтті
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу