Белгілі әнші әке атанды (фото)

Oinet.kz 13-05-2021

Кентал лақап атымен танылған әнші Талғат Кенжеболатов алғаш рет әке атанды. Өнер иесінің жары оған ұл бала сыйлаған.

Кентал.jpg

Қуанышы қойнына сыймаған жұлдызды әке бұл жаңалығын бірден Instagram парақшасында хабарлады. 

- Сүйіктім екеумізді құттықтаймын. Біздің ұлымыз қасиетті мейрамның алғашқы күні дүние есігін ашты. Бастысы бұл өмірде адам бол. Бақытты бол. Өмірге қош келдің, балам, - деп жазды Кентал. 

Шоу-бизнес жұлдызы баласының жынысын жария еткенімен, әзірге оған қандай ат берілгенін айтпады. Желі қолданушылары жас жұбайларды алғаш рет ата-ана атануымен құттықтап, кішкентай нәрестеге өз тілектерін жаудырды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KENTAL (@kentalkz)

Танымал әншінің балаларымен түскен суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Қанат Әлжаппаровтың отбасылық суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×